965 мың адам азаматтық алды
Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда Қазақстан азаматтығын алу жөніндегі мәселелер қаралды.
Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы тәуелсіздік жылдары 965 мың адам азаматтық алғанын және бұл еліміздің Елбасының басшылығымен қол жеткізген табыстарының айшықты айғағы екенін атап өтті.
«Қазіргі таңда Қазақстан азаматтығын алуға өтініш берушілердің саны артып келеді. Біз ондай азаматтарға барлық жағдайды жасауымыз керек. Барша қазақстандық өз қатарының толыққанына ерекше қуанады. Біз азаматтық алғандар еліміздің одан әрі дамуына өз үлестерін қосатынына сенім білдіреміз», – деді Г.Әбдіқалықова.
Сонымен қатар, жиын барысында Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойған соң алыс және таяу шетелдерден келген түрлі ұлттың 819 өкілі Қазақстан азаматы атанатыны белгілі болады. Одан бөлек, комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан»

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше