Қостанай өңірі еліміздегі бүкіл астықтың төрттен бірін береді. Соған орай диірмені де жеткілікті. Сонау 90-шы жылдары облыс өңірінде диірмендері қуатсыз, бидайды жумай салатын шағын диірмендер қатары болушы еді. Қазір олардың барлығы да нарық жағасына шығып қалды. Бүгінде озық құрал-жабдықтармен жабдықталған диірмендер ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласындағы кәсіпорындардың басым бөлігін құрайды. Соңғы жылдары ұн өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта бизнес нысандарын қолдау бағдарламасының аясында дамытылып, ұн сапасын көтеруге атсалысып отырған кәсіпорынның бірі «Аруана-2010» диірменін қазір облыс пен еліміздің өзге өңірлері ғана емес, шетелдіктер де біле бастады.
Мұнда өткен жылы өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта бизнес нысандарын қолдау бағдарламасы аясында «Аруана-2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Даму» қоры арқылы 30 миллион теңге қаражат алып, оған Италияда шығарылған жабдық алған болатын. Қуатты жабдық мұндағы бұрынғы жабдықты ауыстыруға мүмкіндік жасады.
– Бұрын бидайды жуатын, ылғалдандыратын түркиялық жабдықта компьютерлік басқару орталығы болмайтын. Бидайдың ылғалдылығын біз көзбен ғана шамалайтын едік. Ал италиялық жабдық бидайды жуғанда оның ылғалдылығын реттейді. Қазақша түсінікпен айтқанда, бидайды жуғанда дән суды бойына тым көп тартып алса езіліп кетеді. Ондай бидайдың ұны да сапасыз, бойына суды көп сіңірмейді. Италиялық жабдық жұмысы компьютерге негізделген, бағдарламаны қалай қойсаң, бидай солай жуылады, қанша ылғалдылық керек екенін көрсетсең, солай орындалады, – дейді «Аруана-2010» кәсіпорнының бас инженері Жақсылық Мұхамбетов.
Жақсылық Сағитұлының айтуынша, суды мол сіңіретін ұнды наубайханалар жақсы алады. Мұндай ұнның сапасы да жақсы, одан пісірілетін тандыр нанның да, бөлке нанның да саны артатын көрінеді. Кәсіпорында бидай сақтайтын элеватор, оның сапасын тексеретін лаборатория және диірмен бар. Өткен жылы лабораторияға Францияда шығарылған қымбат жабдық алынды, ол бидай сапасын бір мезетте анықтап береді. Элеваторға қосымша қамба жасалып, оған германиялық жабдық қойылды.
– Қазір мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен элеватор мен диірмендегі жабдықтарды барынша еуропалық стандартқа сай ауыстырып жатырмыз. Өңдеу жұмысының сапасы тек үздік технологияға байланысты жақсарады. Ал үздік технология үздік техникалық жабдыққа тәуелді, – дейді бас инженер Жақсылық Мұхамбетов.
«Даму» қоры арқылы алған несие қаржыны кәсіпорын бір жылда 6 пайыздық үстемемен өтеп шығады. Кәсіпорынның өндірген ұны еліміздің барлық облыстарындағы сауда нүктелері мен наубайханаларға жіберіледі. Оның сыртында Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстанға да артылады. Қазір диірмен экспорттың көлемін 50 пайызға жеткізді. Кәсіпорында жүздің сыртында адам еңбек етеді. Жұмыстан кетіп жатқан ешкім жоқ, өйткені, ұн тоқтаусыз өтетін тауар. Ұн өткен сайын кәсіпорын пайдасы да жаман болмайды, жұмысшылардың айлық жалақысы уақытылы төленіп тұр. «Аруана-2010» диірменінен шығатын «Патша» мен «Тұмар» ұны базар сөресінің молшылығына кепіл. Базарға келгеннің көзіне алдымен «Патша» ілігеді. «Патшадан» жабылған нан да әр үйдің дастарқанына патша көңіл сыйлайды.
Үстіміздегі жылы шағын және орта бизнесті өңірлік қаржыландыру бағдарламасы бойынша Қостанай облысына 1 миллиард теңге бөлінетін болды. Оның 500 милионын «Даму» қоры, 500 миллион теңгесін Қостанай облыстық әкімдігі салатын болады. Шағын және орта бизнес қадамы осылайша кеңейіп келеді.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Теннис • Бүгін, 21:33
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30