Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» атты қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. Туындыны алғашқы көрермендері ретінде Астана қаласының балалар үйі мен аз қамтылған отбасылардың балалары шақырылған.
Жастарға патриоттық тәрбие беру мен олардың азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету – қазіргі таңда аса өзекті мәнге ие. Өз Отаныңды қастерлеу және оған деген кіріксіз, адал сезім жеке адамның әлеуметтік, рухани, имани және дене тәрбиесі тұрғысынан да дамуына үлкен серпін береді. Патриотизм егеменді Қазақстанның жалпыұлттық мұратында маңызды орын алады. Осы мақсатты орындау үшін «САҚ-дала» киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша осы туындыны жарыққа шығарып отыр.
Өзінің маңыздылығы жағынан айрықша «Қазақ елі» анимациялық фильмі болашақ хандар Жәнібек пен Керейдің балалық шағы мен есею жылдары туралы баяндайды. Картинада бас кейіпкерлердің шайқастың айла-тәсілдерін, ғылымды қалай меңгергендері және бостандық пен тәуелсіздік үшін күрес жолында Қазақ елінің басын қалай біріктіргендігі жайлы әңгімеленеді. Мультфильмнің кадрларында шетсіз-шексіз қазақ даласы, заңғар таулар және Сығанақ, Отырар, Тараз бен Түркістан секілді ежелгі қалалар бейнеленген.
Жобаға танымал отандық ғалымдар мен жазушылар атсалысқандықтан, фильм тарихи айғақтармен өріліп, балаларға түсінікті тілде жеңіл әрі қызықты оқиғалар арқылы қамтылып көрсетіледі. Анимациялық фильмнің бас кеңесшісі Арыстанбек Мұхамедиұлы, тарих ғалымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбай және жазушы, кинодраматург Дулат Исабеков. Бас кейіпкерлерді Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрының, сондай-ақ Ж. Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әртістері дыбыстаған. Фильмнің саундтректерін Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев сынды басқа да танымал қазақстандық әншілер орындаған.
Картинаның жасалуында 2D және 3D-технологиялар пайдаланылды. Аталмыш жобаға 60-тан аса адам жұмылдырылған екен. Туындының бас продюсері Сәбит Әбдіқалықовтың пікірінше, қазақстандық әртістер тарихи тұлғаларға тән бейнені дүниеге әкелу үшін аянбай еңбек етті.
«Қазақ елі» атты тұңғыш тарихи-анимациялық фильмі жалпыұлттық прокатқа шықты.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Теннис • Бүгін, 21:33
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30