73 жылдан соң иесін тапты
Жуырда Шардараға Ресей Федерациясы Бас консулдығының кеңесшісі Степан Соколов арнайы келіп, аудан әкімдігінде Ұлы Отан соғысының ардагері Жұрымбай Айтөреевке «Қызыл Жұлдыз» орденін салтанатты түрде тапсырды.
Шардара ауданындағы көзі тірі қос майдангердің бірі Жұрымбай Айтөреевтің Ұлы Отан соғысы кезінде берілген «Қызыл Жұлдыз» орденін ала алмай жүргеніне биыл 73 жыл болған еді. Харьков, Воронеж қалаларын азат етуге қатысқан Жұрекең жауды түре қуып, жеңісті Чехословакия жерінде қарсы алған. Басында барлаушы, кейіннен әуе десанты болған майдангер соғыста нағыз хас батырға айналған. Барлаушы кезінде ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталыпты. Алайда, куәлікке «Артураев» деп қате жазылып кетуі салдарынан орден иесіне табыс етілмейді.
Одан кейін әуе десанты болып та жауға ойран салған Жұрымбай Айтөреев ерен ерлігі үшін екінші мәрте «Қызыл Жұлдыз» орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Бұл орден-медальдарын бүгінге дейін жарқыратып тағып жүр. Алайда, ұзақ жылдан бері Мәскеу жаққа хат жазып, бірінші «Қызыл Жұлдыз» орденіне іздеу салумен болады. Аудандық қорғаныс істері бөлімі арқылы былтырдан бері құжаттары Ресейге тағы да жолданды. Ақыры, көптен бері сарыла күткен қуанышты сәт те келіп жетті.
Қос «Қызыл Жұлдызды» өңіріне жарқырата таққан қарт майдангер ерекше күйге түсіп, Ресей дипломаты мен аудан басшыларына алғысын жаудырды. Соғыс кезіндегі оқиғалар еске түскен Жұрекең ұрыстардың кейбір сәттерін әңгімелеп те берді.
– Бұл орден маған 1943 жылы берілген еді. Біздің барлаушылар тобы аса бір жауапты тапсырманы орындап келгенбіз. Жаудың 30-ға тарта сарбазын өлтіріп, 7 машинасын талқандадық. Сол тапсырманы абыроймен орындаған он адамға марапат берілді. «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталғаным туралы 14 қазанда шыққан «Боевое знамя» газетіне жарияланды. Днепрден өткен бір ұрыста ауыр жараланып, госпитальға түсіп қалдым. Сол кезде орден келген екен, бірақ куәлікке фамилиям қате жазылуына байланысты кері қайтып кетіпті. Сол орденімді іздеп жүргеніме 73 жыл болыпты биыл, енді қолым жетіп отыр, – дейді Жұрымбай ата.
Жұрымбай ақсақал әлі де қарттыққа дес бермей, өз аяғымен жүріп-тұрады. Бауырынан өрбіген 5 ұлдан 22 немере мен 40 шөбере сүйіп отырған соғыс ардагері тамырын тереңге жайған бәйтерек іспетті. Жұрымбай атамыз әруақытта да: «Біз көрген соғысты сендер көрмеңдер, ел-жұрт аман болсын», деумен отырады.
Әділ ӘБДІРАМАНОВ,
Шардара ауданы
әкімдігінің қызметкері
Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Теннис • Бүгін, 21:33
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30