АСТАНА. 23 мамыр. «Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу турнирлері аяқталды. Осы сындарда еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан турнирге қатысатын балуандар анықталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Биылғы турнирге 32 балуан жолдама алды. Олардың арасында былтырғы «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алған Бейбіт Ыстыбаев пен «Әскер барысы» жарысының жеңімпазы Талғат Әміренов бар. «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоғамдық қорының хабарлауынша, биыл финалға шыққан 11 балуан алғаш рет турнирге қатысады. Ал қалғандары өткен жылдардан бері финалға қатысып келе жатқан спортшылар. Осы жолы алғаш рет кілемге шығатын балуандардың қатарында Дулат Алпысов, Алтынбек Аусағитов (екеуі де Солтүстік Қазақстан облысы), Еркебұлан Егінбаев (Павлодар облысы), Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы), Сержан Ерлан (Батыс Қазақстан облысы), Ербол Игілік (Маңғыстау облысы), Бауыржан Қабай (Алматы қаласы), Абылайхан Қасымхан (Қостанай облысы), Асхат Құсайынов (Шығыс Қазақстан облысы), Дархан Темірханов (Ақтөбе облысы) мен Мереке Тұрашев (Ақмола облысы) бар.
16-18 мамырда балуандардың бәрі Алматы қаласында медициналық тексерістен өтіп, допинг талдауына анализ тапсырды.
«Қазақстан барысы» турнирінің финалына мына балуандар қатысады:
Ақмола облысы: Мереке Тұрашев, Леонид Станеев
Ақтөбе облысы: Дархан Темірханов, Нұрсұлтан Иманғазин
Алматы облысы: Ұлан Рысқұл, Александр Касачёв
Атырау облысы: Сұңғат Закарияев, Кенжебек Күзембаев
Батыс Қазақстан облысы: Олжас Сүлейменов, Сержан Ерлан
Жамбыл облысы: Айбол Айтбек, Дәулетхан Жақыпов
Қарағанды облысы: Асыл Бәрменов, Бекзат Ахметбеков
Қызылорда облысы: Еламан Ерғалиев, Руслан Әбдіразақов
Қостанай облысы: Ерлан Омаров, Абылайхан Қасымхан
Маңғыстау облысы: Нұрдәулет Жарылғапов, Ербол Игілік
Оңтүстік Қазақстан облысы: Жұманазар Ерсұлтанов, Нұрсұлтан Мыңғышов
Павлодар облысы: Самир Мәмедов, Еркебұлан Егінбаев
Солтүстік Қазақстан облысы: Алтынбек Аусағитов, Дулат Алпысов
Шығыс Қазақстан облысы: Айбек Нұғымаров, Асхат Құсайынов
Алматы қаласы: Виктор Демьяненко, Бауыржан Қабай
Астана қаласы: Айбат Сейтен, Айтуар Абдулов
«Әскер барысы»: Талғат Әмренов
«Қазақстан барысы – 2015»: Бейбіт Ыстыбаев.
«Қазақстан барысы» турнирі 3 шілдеде сағат 12.00-де Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Турнирдің жеңімпазы «Тайтұяқ» пен «Қазақстан барысы» алтын белбеуінің иегері атанады.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: kazakhstanbarysy.kz
• 23 Мамыр, 2016
«Қазақстан барысы» турнирінің финалистері анықталды

Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды
Әлем • Бүгін, 19:56
Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған заңды ратификациялады
Президент • Бүгін, 19:10
Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті
Білім • Бүгін, 19:01
Олжас Бектенов: барлық инвестициялық жобалар бірыңғай цифрлық контурда шоғырландырылады
Үкімет • Бүгін, 18:50
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Бүгін, 18:35
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады
Оқиға • Бүгін, 18:31
Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16