АСТАНА. 23 мамыр. Тәжікстан конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өтті деп есептелді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00 кезінде халықтың 66,6 пайызы дауыс берді.
Конституция бойынша, дауыс беру құқығына ие азаматтардың кем дегенде 50 пайызы дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген болып саналады. Референдумда дауыс берушілер «Тәжікстан конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін қабылдайсыз ба?» деген сұраққа жауап берулері тиіс.
Референдум сауаламасында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның мемлекетті шек қойылмайтын мерзімге басқаруы мен президенттікке сайлану жас мөлшерін 35-тен 30 жасқа азайту туралы халықтың келісімі сұралды. Өзгертулерде сондай-ақ, шетелдерден қаржыландыратын ұлттық немесе діни негіздегі партиялардың құрылуына тыйым салу жағы қарастырылған.
Мәліметтер бойынша, президенттік сайлауға түсу үшін жас мөлшерін азайту Эмомали Рахмонның ұлы Рустам Рахмонға 2020 жылы 33 жасқа толғанында мүмкіндік береді.
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша, сағат 20:00-де жабылады. Алдын ала қорытындылары бүгін жарияланады.
Айта кетейік, Тәжікстан конституциясы 1994 жылы қабылданған. Ал 1994, 1999 және 2003 жылдары референдум арқылы өзгертулер енгізіліп тұрды. 2003 жылғы өзгеріс қазіргі президенттің екі мәрте жеті жылдық басшы болып қалуына мүмкіндік берген еді.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: РИА «Новости».
• 23 Мамыр, 2016
Тәжікстан халқы президенттің елді шексіз басқаруына келісім берді

Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды
Әлем • Бүгін, 19:56
Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған заңды ратификациялады
Президент • Бүгін, 19:10
Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті
Білім • Бүгін, 19:01
Олжас Бектенов: барлық инвестициялық жобалар бірыңғай цифрлық контурда шоғырландырылады
Үкімет • Бүгін, 18:50
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Бүгін, 18:35
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады
Оқиға • Бүгін, 18:31
Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16