ҚОСТАНАЙ. 24 мамыр. Қостанайда еліміздің көші-қон туралы заң нормаларын бұзғаны үшін Калифорния штатынан келген 25 жастағы Гилберт Васкес деген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қостанайдың арнайы мамандандырылған соты Американың азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекті бұзғаны үшін 85 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Шетелдік Қостанай қаласында тіркелген мекен жайында тұрмаған, басқа пәтер жалдаған. Сонымен қатар, ол біздің елге келу мақсатын визада «оқу» деп көрсеткенімен, рұқсатсыз Step курсында ағылшын тілінен сабақ берген.
Облыстық көші-қон полициясы басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев: «Егер еліміздің заңына сәйкес рұқсат қағазы болса, америкалық азаматтың тіл үйрету курсында сабақ беруіне, жалпы жұмыс істеуіне ешкім кедергі болмайды. Сонымен қатар, ол қалаға келгенде Қазақстанның заңдарын толық орындауы тиіс», – деді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек: Қостанай облыстық соттың баспасөз қызметі.
Фото: vk.com.

Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19
Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Дубайда тұруға рұқсат алу жеңілдеді
Оқиға • Бүгін, 11:58