КӨКШЕТАУ. 29 мамыр. Ақмола облысының орталығындағы аэропорт мамандандырылған әкімгершілік сотының шешімімен бірнеше күннен бері жабық тұр. Бұл туралы облыстық сот баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сот қаланың әуе қақпасын 10 күн мерзімге жапқан болатын. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, соттың аэропорттың иесі болып табылатын «Көкшетау авиакомпаниясы» АҚ іс-әрекетін тоқтату туралы шешімі авиациялық қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты 1 ақпанда қабылданған.
Мемлекеттік бақылау және тексеру органдарының заңды талаптарын, ұсыныстарын, қаулыларын орындамағандары үшін авиакомпанияның лауазымды тұлғаларына 200 есепті айлық көлемінде айып пұл салынған. Сонымен бірге аэропорттың жұмысы 10 күнге тоқтатылған. Бұл шара 20 мамырдан басталды. Енді 30 мамыр күні әуе қақпасы қайтадан өзінің жұмысын жалғастырады.
Бақберген Амалбек.
Дерек: Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.
• 29 Мамыр, 2016
Көкшетауда бірнеше күннен бері аэропорт жабылып тұр

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше