АСТАНА. 30 мамыр. Гаитиде тырысқақ індеті өршіп тұр. Осы жылдың басынан бері бұл аурудан 175 адам қайтыс болды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Елде қауіптіліктің ең жоғарғы – қызыл деңгейі жарияланды. Мәліметтер бойынша, індеттің өршуіне 2010 жылдың 12 қаңтарында болған жойқын жер сілкінісі себеп болып отыр. Табиғат апатынан ол кезде 220 мыңнан астам адам қаза тапқан. Зілзаланың салдарынан бүгінге дейін мыңдаған адам антисанитариялық жағдайда өмір сүріп келеді.
Сонымен қатар, ауыз судың тапшылығы да кері әсерін тигізіп отыр. Бүгінгі таңда тырысқақ ауруын 16 мыңнан астам адам жұқтырған.
«Бізге күн сайын 20-ға жуық науқас келеді. Бар-жоғы екі-үш күннің ішінде жазылып кететіндер бар. Ал кейбірі тіпті, ауруханада апталап жатады», – деді Буржинон Уилберг есімді дәрігер.
Осыған байланысты, тырысқақ ауруы өршіп тұрған аудандарда залалсыздандыру шаралары жүріп жатыр. Қазіргі таңда тұрғындарға адам денесіндегі су мөлшерін сақтау үшін арнайы дәрі-дәрмек таратылып жатыр. Сонымен қатар, түсіндіру, сақтандыру жұмыстары ұдайы жүргізіледі.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: 24.kz.

«Махаббат, қызық мол жылдардағы» Майра
Зерде • Бүгін, 08:15
Білім • Бүгін, 08:13
Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?
Экономика • Бүгін, 08:10
Кітапханаға арналған кешенді жоба
Кітапхана • Бүгін, 08:07
Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап
Саясат • Бүгін, 08:05
Мессидің хет-тригі Аргентина құрамасына жеңіс сыйлады
Футбол • Бүгін, 08:05
Өндіріс • Бүгін, 08:02
Пікір • Бүгін, 08:00
Шойынжол бекеттері қайта жанданды
Аймақтар • Бүгін, 07:58
Ербол Жолданғар: Өзгеріс тиімділігімен бағаланады
Сұхбат • Бүгін, 07:55
Солтүстік экономикасындағы серпіліс
Саясат • Бүгін, 07:50
Теміржол инфрақұрылымы жаңару жолында
Саясат • Бүгін, 07:45
Жеңіл өнеркәсіпті өркендету жайы пысықталды
Үкімет • Бүгін, 07:40
Франция құрамасы Сенегалды 3-1 есебімен тізе бүктірді
Спорт • Бүгін, 02:05