Фото: vk.com[/caption]
Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінде өнер көрсеткен Хорватия мен Португалия құрама командалары Ланс қаласында кездесті.
Хорватия – Португалия 0:0 (0:0) экстра тайм 0:1
Стадион: «Боллар-Делелис».
Төрешілер: Веласко Карбальо Карлос, Алонсо Роберто, Юсте Хуан (бәрі – Испания), Кашшаи Виктор (Венгрия)
Хорватия: Субашич, Срна, Вида, Чорлука, Стринич, Брозович, Бадель, Модрич, Ракитич (Пьяца, 110), Перишич, Манджукич (Н.Калинич, 88).
Португалия: Руй Патрисиу, Седрик Суариш, Жозе Фонти, Пепе, Рафаэл Геррейру, Жоау Мариу (Куарежма, 87), Виллиам Карвалью, Адриэн Силва (Данилу Перейра, 108), Андре Гомеш (Ренату Санчеш, 50), Криштиану Роналду, Нани.
Гол: Куарежма 117.
Ескерту алған: Карвалью 78.
Шынын айтқанда, жанкүйерлер өздері күткендегідей ойынды көре алмады. Командалар бірін-бірі аңдып, ара-тұра шабуыл жасағанымен, айтарлықтай қадамдарға бармады. Кездесудің 90 минутында көзге түсерлік санаулы сәттер ғана орын алды.
Ал экстра-таймның әсіресе, екінші 15 минутында нағыз кескілескен шайқас болды. Лука Модрич бастаған команда Руи Патрисиудың қақпасына бірқатар шабуыл жасағанда, гол соғатын мүмкіндіктері болған еді. Алайда, соңғы сәттерде сәттілік жетіспеді. «Сен соқпасаң, гол саған соғылады» деген футболдың қағидасы дәл осы кезде бола кетті. Қарымта шабуылға шыққан португалдар 117-минутта есеп ашты. Криштиану Роналдудың соққысын қақпашы Даниель Субашич қайтара алғанымен, тұтқиылдан келген Рикарду Куарежмаға төтеп бере алмады. Хорваттар осыдан кейін есепті теңестіру үшін шабуылдарын үдеткенімен, дегендеріне жете қоймады.
Португалия енді ширек финалда Польша құрамасына қарсы 30-маусымда ойнайды.
Аян ӘБДУӘЛИ.
• 26 Маусым, 2016
«Еуро-2016». Португалия соңғы минуттарда гол соқты (видео)

Қарағандыда шатырдан кірпіш құлап, 3 жастағы бала зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 19:20
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:00
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Бүгін, 18:12
Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
Ғылым • Бүгін, 18:03
Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Елорда • Бүгін, 17:51
Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді
Оқиға • Бүгін, 17:43
Шетелдік автосаяхатшы Алматының көрікті жерлерін аралады
Туризм • Бүгін, 17:12
Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды
Спорт • Бүгін, 17:03
ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Қоғам • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 16:32
Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды
Ғылым • Бүгін, 16:16
Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05