28 Маусым, 2016

Әйнектері әйбат-ақ!

502 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
02Орал өңіріндегі іргелі өндіріс ошақтарының бірі – шыны өңдеуге және жоғары сапалы әйнек пакеттерін өндіруге маманданған «Стекло-Сервис» ЖШС. Бүгінде компания үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама шең­берінде «Термомықтылығы күшей­тілген әйнек өндірісі» жоба­сын іске асыру үстінде. Оның бас иелері ағайынды әрі әкелі-балалы – Рубцовтар бизнес жолы­на бірден түспепті. Алға­шын­да құрқылтайдың ұясын­дай шағын ғана шеберхана ашып, тұр­ғын­дарға шыны кесу қыз­метін көр­сетуді қолға алыпты. Бас­тап­қыда әйнекті арнайы құ­рал ар­­қылы өздері кескен екен. Сөй­тіп, тұтынушылар сеніміне ие бо­ла бастағаннан кейін шағын кәсіп­­кер­­лік құрып, өз дүкендерін ашады. РубцовУақыт өткен сайын шеберхана жұмысы жандана түседі. Кейіннен мұнда шыны өңдеу жұмыстары жетіл­дірілген соң заңды түрде серік­тестік құрылды. Осы кезден бас­тап шаһардағы ғимараттардың қас­бетін әйнектеу жұмыстары жолға қойылды. Осылайша алюми­ний­мен әрленген, металл мен шыны үйлесім тапқан әйнектеу үл­гі­сі қала келбетіне көрік қоса бастады. 2011 жылдан бері компания «Биз­нес­тің жол картасы-2020» бағ­д­ар­ламасы аясында қаржылай көмек түріндегі несие алып тап­сырыс берушілердің талаптары бо­йын­­ша терезелер мен үй жиһаз­дары шынылары мен ыстық пен суықты өткізбейтін әйнектерді дайындаумен айналысып келеді. Ресейден әкелінген шикізат көзін өңдейтін станоктар мен құрылғылар шыныларды шаршы, пирамида пішінде қиып, қажеттілікке сай заманауи технологиямен өңдейді. Негізінен өнеркәсіптің кең қанат жайған кезі 2007 жылдан басталыпты. Мемлекетімізде белгіленген өнер­кәсіпті дамыту жөніндегі бағ­дар­­ламалар арқасында кәсіпорын­ның өрісі кеңейе түсті. 2011 жылы банкпен келісімшарт жасал­ған. Со­ған сәйкес қаражаттың 15 па­йызы серіктестік жетекшілерінің өз­дері­нен шықса, қалғаны суб­сидия­лау бойынша «Бизнес­тің жол кар­та­сы-2020» бағдар­ла­ма­сынан алынған. Қазіргі таңда шыны пакет­терін да­йын­даумен айналысатын «Стекло-сервис» ЖШС тер­мо­­өтім­­­­ділігі нығайтылған шы­ны, көп қа­­батты шыны бұйым­да­рын өндіру жобасын толықтай іс­ке асыр­ды. Өндіріс бес жылдан бері әлемдік брендке ай­нал­ған авс­­­­триялық «Lisec» ком­па­ния­­­сы­ның жабдығы­мен жұмыс істеу­де. Сондай-ақ, шы­­ны­ның мық­­ты­­лығын нығайту финляндиялық «TamGlass» ком­паниясының желі­­сі­­мен жүргізілуде. Бі­лік­­ті басшы, «Стекло-сервис» ЖШС-нің бас директоры Аркадий Рубцов­тың айтуынша, мұндағы шыны өні­м­дері қарапайым әй­нек­терден жеті есе мықты. Сондықтан, жер­гі­­лі­к­ті өнер­кәсіп өніміне көрші­лес Ре­сейдің Самара, Саратов, Орын­бор, Волгоград, Екате­рин­бург қа­ла­­­­ла­ры­нан да сұраныстар түсе бастапты. «Мұнда әйнек өңдеу ісін одан әрі дамыту мақсатында шыныны бояу өндірісі жолға қойылған. Трафареттік баспа және дестелеп бояу желісі де орнатылған. Со­ның нәтижесінде мықты және көп­қа­батты қауіпсіз әйнек түр­леріне асқан шеберлікпен бояуы кетпейтін суреттерді салуға мүм­кін­дігі туып отыр. Ондай суреттер қоршаған ортаның әсеріне шы­дамды болып келеді», – дейді кәсіпорын басшысы. Сондай-ақ, компания әйнекті лазерьмен кесу өндірісін де қоса игерген. Мұндай технология­ны әлемдегі әйнек өнді­ру­ші ірі ком­па­ния­лардың бәрі де қолданатыны белгілі. Со­ны­­мен қатар, биылғы жылы «Стекло-Сервис» ЖШС-нде автокөліктерге арналған әй­­­нек өндіретін желі жобасы да пай­­да­­лануға берілмек. Қазір­гі уа­қыт­­та елі­міздің түкпір-түк­пірін­­­де ком­па­нияның өз филиал­да­ры жұ­мыс істейді. Өйткені, өнді­ріс­тің ауқым­дылығы жағынан Ас­тана мен Алматы қалаларынан бас­қа елі­міз­дің өзге өңірлерінде орал­д­ық кә­сіпорынға балама бо­лар­лық­тай өндіріс орны жоқ десе де болады. Үдемелі индустриялық-ин­­но­­вациялық бағдарлама ая­сын­да кәсіпорынның өн­діріс­тің көк­жиегі жыл­дан-жыл­ға кеңіп келеді. Соның арқасында қо­сымша жаңа жұмыс орын­дары ашылуда. Қазір­гі таңда өнер­кәсіпте 100-ден аса жұ­мысшы тұрақты түр­де қыз­мет атқарып жүр. Негізінен мұн­да жас мамандар үлесі басым түсе­ді. Олар­ды аймақта арна­йы кәсі­­би мамандандыруға мүм­кін­дік болма­ғ­ан­дықтан, кәсіп­тің қыр-сырына кәсіпорын бас­шы­лары­ның өздері баулып, үйретеді. Біз барған сәтте өндіріс цехын­да жұмыс қызу жүріп жатты. Қай­на­ған жұмыстың бел ортасын­да жүрген жігіт Азамат Нұрымов мұн­да үш жылдан бері оператор бо­лып қызмет атқарады екен. «Жұ­мысым өзіме ұнайды. Күн­де­лікті таңғы сағат сегізден бастап, кешкі сағат алтыға дейін жұмыс істеймін. Жалақым 90-100 мың теңге», – дейді ол. Ал бұған дейін «екі қолға бір күрек» таппай біраз сенделген екі баланың әкесі Ерлан Иманбековтің мұнда оператор болып жұмысқа орналасқанына да көп уақыт өте қоймапты. От­ба­сының нәпақасын өзінің адал еңбегі және маңдай терімен табуды мақсат еткен азамат қара терге мал­шынып шыны салатын рамка жасап жатты. Цехтың бір бұрышында әй­нек­­­терді арнайы қораптарға қап­­­­­тау­мен айналысатын Олег Щеголев­тің мұнда келгеніне екі жыл­дан асыпты. Жалақысын күн­делікті істеген жұмысының ауқы­мына қарай айына 100-130 мың тең­гені құрайтын көрінеді. Іскер маман компанияның жұмыс беру­шіге тала­бы қандай болса, жұ­мыс іс­теуге де соншалықты қажет­ті жағ­дай туғызылып отыр­ға­нын ай­тып берді. «Негізгі маман­ды­ғым дәне­керлеуші. Бірақ, қазір­гі жұ­мы­сыма да көңілім толады. Өн­ді­­ріс­тік ғимарат қыста жы­лы, жазда салқын. Түскі және кеш­­кі тамақ­тар компания есебі­нен төле­не­ді. Айлығымыз өз уа­­­қы­т­ын­­да беріледі. Басшымыз Арка­­дий Рубцовтың әділдігі мен адам­г­ер­шілігін жоғары баға­лай­мын», – дейді О.Щеголов.  Әң­гі­ме­лесу барысында да жұмы­сы­нан бір сәт ажырама­ған жастың еңбек­сүй­гіш­тігі мен жа­уап­кер­шілігі бізді де тәнті етті. Журналистік кездесулер кезін­де еліміздегі табысты тұлға­ның бірі, Орал қаласындағы «Стекло-Сервис» ЖШС-нің бас директоры Аркадий Рубцов жөнінде мұнда тікелей қызмет жасап жүргендер өз ой-пікірлерін бізге былайша жеткізді. Атап айтқанда, оның орынбасары Арман Өтешқалиев төмендегіше тілек білдірді. «Стекло-Сервисте» он алты жыл­дан бері қызмет атқарып келе­мін. Ең алғаш ортақ ісімізді бас­таған кезімізде шағын ғана «Рубцов» жеке кәсіпкерлігі деген дүкен болды. Аркадиймен Орал қаласындағы №25 мектепте бірге оқыдым. Кейіннен құ­ры­­лыста еңбек еттім. Универ­си­тет бітірген соң тұрақты жұ­мыс таппай жүргенімде Рубцовты жолық­тырдым. Ол маған дүке­нінде жүк тиеушіге ғана жұ­мыс барын айтты. Келісе кет­тім. Бір жылдан соң жүргізуші бол­дым. Содан соң бір­тіндеп сенім­ді көмекшісіне айналдым. 2007 жылдан бастап орынбасары болып тағайындалдым. Осы жылдар ішінде сол шағын дүкеннің біртіндеп өркендеп, үлкен өнді­ріс ошағына айналғанына куә бол­дым. Осылайша ойлаған арман­дары­мызға қол жеткіздік. Менің қазіргі міндетім – еліміздің барлық өңірлеріне және Ресей облыстарына вагонмен шыны өнімдерін сауда-саттыққа шығару. Аркадий Анатольевич – жаңашылдықты жаны сүйетін іскер басшы. Мақ­сатымыз ортақ. Бұл – бәсеке­лес­тікке төтеп беру арқылы халық сұра­нысына ие болу». Бүгінгі материалымызды табысты тұлға – Аркадий Рубцов жөнінде әріптестері жеткізген осы ой-пікірлермен түйіндегенді жөн көреміз. Кәусар БАЙҒАЛИЕВА, журналист, Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ produkciya-2 proizvodstvo-1