Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы өткен қаржы төлемдері осы көрсеткіштен асты
Осы айда Қазақстанның электрондық үкіметінің төлем шлюзі арқылы өткен төлемдер сомасы, жүйенің іске қосылғанынан бері, бірінші рет 20 млрд. теңге белесінен асты.
Оның ішінде 5,5 миллиарды қазақстандықтардың осы жылдың ішінде, жарты жылға жетпейтін уақыт мерзімінде, eGov арқылы төленгенін атап өткен жөн. Ал 2015 жылдың төлемдер статистикасын қарастырсақ, олардың көлемі 10 млрд теңгеден асқан.
Көбінесе электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы өткен қаржыны жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұл төлемдері құрайды. Барлық төлемдердің 74 пайызы немесе 15 млрд. теңгеден астамы осы көрсеткіш есебінде. Жиі кездесетін келесі төлем түрі – салықтар мен алымдар – барлық төлемдердің 12 пайызын құрады (2,3 млрд. теңге). Үшінші орында – салықтар (7 пайыз немесе 1,4 млрд. теңге).
Осыған қоса, азаматтар электрондық үкімет порталын өздерінің Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі шоттарын толтыру мақсатында белсенді пайдалануда. Барлық төлемдердің 6 пайызы немесе 1 млрд. теңгеден астамы осы көрсеткіш есебінде.
Бюджетке төленгенін растайтын құжаттарды талап етпеу мақсатында электрондық үкіметтің төлем шлюзінің екінші деңгейдегі 21 банкпен интеграциясы іске асырылғанын атап айтқан жөн.
«Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі Қазақстанда 2010 жылдан бері жұмыс істеуде. Оның мақсаты – банктер мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясын іске асыру арқылы қоғамды, электрондық үкімет шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін, электрондық төлеу құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады.
«Егемен-ақпарат»

Ломбард қызметіне қойылатын талаптар күшейе ме?
Қаржы • Бүгін, 15:56
Елімізде неке жүзігі 45%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:46
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылуы мүмкін
Партия • Бүгін, 15:30
Астанада заманауи зертханалық кешен құрылады
Елорда • Бүгін, 15:12
Дәрілік заттарды тіркеу және нарыққа шығару ісі жеделдетіледі
Медицина • Бүгін, 14:55
Мемлекет басшысы Түркияның Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті
Президент • Бүгін, 14:38
Мешіттен 175 мың теңгелік аяқ киімді ұрлап кеткен күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:30
Аймақтар • Бүгін, 14:15
Ирландияда Халықаралық волонтерлер жылы аясында «26 for 26» акциясы басталды
Волонтер • Бүгін, 13:55
Атыруда ЖИ арқылы 4500-ден аса құқықбұзушылық анықталған
Технология • Бүгін, 13:42
Астанада бірқатар бағытта қосымша автобустар шығарылды
Елорда • Бүгін, 13:33
Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды
Жемқорлық • Бүгін, 13:21
Алматыда биыл 2 мыңнан астам жаяу жүргінші өткелі жаңартылады
Алматы • Бүгін, 13:10
Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді талап етті
Заң • Бүгін, 13:05