Кеше Парламент Мәжілісінде палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин журналистерді Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады. Салтанат Мәжілістің жалпы отырыс залында өтіп, мерекеге шақырылған жүзден астам журналист түгелдей халық қалаулыларының орнына жайғасты.
Журналистердің өздерін депутат сезінуге мүмкіндік берген Мәжіліс Спикері мерекелік шараға өзі төрағалық етіп, депутаттар мен журналистер жұмысының ортақ мақсатына тоқталды. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, тікелей журналистер қауымының қарымды қаламының арқасында тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, сондай-ақ, осы уақыт ішінде атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер, болашақ мақсаттар жан-жақты айтылды. Соның ішінде Парламент Мәжілісі депутаттарының қызметі және заң шығармашылық жұмысы да ешқашан журналистер назарынан тыс қалған емес.
Осыған орай палата бюросының шешімімен келер жылдан бастап, Мәжіліс қызметін үздік көрсеткен журналистерге арнайы сыйақы тағайындалатын болды. Байқау мемлекеттік және орыс тілдерін қамти отырып, бірнеше аталым бойынша өткізіледі. Ал байқау өткізу жөніндегі құрылған комиссияға егемен елдің тұңғыш Ақпарат министрі, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов жетекшілік етеді.
Кеше, сондай-ақ, бірқатар журналиске Мәжіліс Төрағасының атынан Алғыс хат табыс етілді, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

«Махаббат, қызық мол жылдардағы» Майра
Зерде • Бүгін, 08:15
Білім • Бүгін, 08:13
Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?
Экономика • Бүгін, 08:10
Кітапханаға арналған кешенді жоба
Кітапхана • Бүгін, 08:07
Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап
Саясат • Бүгін, 08:05
Мессидің хет-тригі Аргентина құрамасына жеңіс сыйлады
Футбол • Бүгін, 08:05
Өндіріс • Бүгін, 08:02
Пікір • Бүгін, 08:00
Шойынжол бекеттері қайта жанданды
Аймақтар • Бүгін, 07:58
Ербол Жолданғар: Өзгеріс тиімділігімен бағаланады
Сұхбат • Бүгін, 07:55
Солтүстік экономикасындағы серпіліс
Саясат • Бүгін, 07:50
Теміржол инфрақұрылымы жаңару жолында
Саясат • Бүгін, 07:45
Жеңіл өнеркәсіпті өркендету жайы пысықталды
Үкімет • Бүгін, 07:40
Франция құрамасы Сенегалды 3-1 есебімен тізе бүктірді
Спорт • Бүгін, 02:05