Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысының жанында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, сондай-ақ, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек еріп жүрді.
Премьер-Министрді Қарағанды әуежайында облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков пен Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров қарсы алды. Премьер-Министр бірден шекаралық және кедендік бақылау аймақтары орналасқан халықаралық ұшу залдарын көріп, аэровокзал кешенінің күту залына барды. Осы жерде Үкімет басшысына қала әуежайының, теміржол вокзалының және автовокзалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы баяндалды.
Бұдан кейін Премьер-Министр Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында өңірде түйнеме ауруының тіркелуі жағдайына байланысты кеңес өткізді. Жиын барысында қолға алынып жатқан шаралар туралы облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, сонымен қатар, Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин баяндама жасады.
Кеңесті қорытындылаған Үкімет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринарлық қызметтер жұмысының тиімділігіне талдау жасау, вакцина сапасына сараптама жүргізу тапсырылды. Мал қорымдарының күйі туралы мәселені Үкіметтің селекторлық отырысының күн тәртібіне жеке шығару ұйғарылды.
Ал Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Премьер-Министр түйнеме дертіне шалдыққан науқастарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын тексеруді және бұдан былай мұндай жағдайларға жол бермеу үшін қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, Қарағанды облысының әкіміне өңірдегі профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар кешенін қабылдау тапсырылса, Ішкі істер министрлігіне аталған факт бойынша тергеуді аяғына дейін жеткізу жүктелді.
Сапар барысында Кәрім Мәсімов бастаған делегация қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Премьер-Министр Қарағанды облысындағы білім беруді дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Бұл туралы Үкімет басшысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев баяндады.
Қарағанды облысында білім беру нысандарының құрылыстары қарқынды жүргізілуде. Мысалы, биылғы жылдың басында Бұқар жырау ауданында 464 оқушыға арналған мектеп пайдалануға берілсе, Жаңаарқа ауданында 150 орындық мектеп құрылысы жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс деп жоспарланған. Жалпы, соңғы үш жылда өңір бойынша мектеп жасына дейінгі 3 мың баланы қамтитын әлеуметтік нысандар ашылған. Дегенмен, алдағы жылдары облыста тоғыз мектеп пен 34 балабақша салуға деген қажеттілік бар.
Үкімет басшысы Қарағандыдағы жаңадан салынып жатқан «Жанұя» тұрғын үй кешенінде болып, құрылыс барысымен танысты. Сонымен қатар, ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне барып, мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығына арналған мамандарды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан оқу үдерісімен танысты. Инновациялық технологиялар зертханасындағы инновациялық жобалар көрмесін тамашалады.
Үкімет басшысының содан кейін атшалдырған нысаны Қарағанды қаласының орталығында орналасқан тұрғындарға қызмет көрсету орталығы болды. Бұл жерде Премьер-Министр «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-тың сынамалы төрт жобасының тұсаукесеріне қатысты.
Түстен кейін Кәрім Мәсімов Теміртау қаласына барып, бірқатар өндіріс орындарында болды, сонан кейін жұмыс сапарын қорытындылаған жиын өткізді. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында болғанында Премьер-Министр кәсіпорын басшыларының алдына бірқатар міндеттер қойды. К.Мәсімов тау-кен металлургия саласы Қазақстан экономикасындағы жүйе құраушылардың бірі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол жалпы алғанда соңғы уақытта ілгері жылжудың оң пішіні байқалғанын айтты.
Бұдан бөлек, кәсіпорындармен қатар, мемлекеттік органдардың назарын талап ететін мәселелер де күн тәртібінде тұр. Үкімет басшысының айтуынша, бұл мәселеде көп нәрсе компаниялардың өзіне байланысты, олар өз ұжымдарының алдында жауапкершілікті өткір сезінулері тиіс. Осыған байланысты жауапты кәсіпорындарға жұмыс орындарын сақтау және арттыру бойынша қолдан келген барлық шараны қолдану қажеттігі атап көрсетілді. Бұдан өзге, Премьер-Министр компанияларды импортты алмастыру үшін өндірілетін тауарлар желісін арттырудағы өз мүмкіндіктерін қайта қарауға шақырды.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:06
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан • Бүгін, 17:23
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15