28 Маусым, 2016

Стариков шынын айтады...

236 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Габит МүсірепҚазір не көп, орыс тілінде шыққан кітап көп. Қазақстандық кітап дүкендерінің сөрелері Ресейде шыққан кітаптардан белі майысып тұр деп айтуға болады. Олар әсем әрі арзан. Сондай кітаптың бірі жақында қолымызға түсті. «Геополитика: Как это делается?». Авторы – Нико­лай Стариков. Ресейдің өткен тарихына көз жүгірте отырып, болашақтың қамын қай ыңғайда шешу керек екендігіне болжам жасайды. Ол былай дейді: «Но вернемся во времена государя Петра Алексеевича. Тогда никто не называл его Великим и не собирался этого делать. Гордое именование, как и титул императора, еще предстояло завоевать. Причем завоевать в прямом смысле слова. Ведь великие империи никогда не появляются на карте указом руководителя. Лю­бая империя – это итог изме­нения границ, передела сфер влияния. В фундаменте каждой империи всегда лежит уничтоженное могущество других государств, и ни одна страна не отдаст свое влияние и дости­жения без боя». «Кез келген империя – бұл ықпал аймағын қайта бөлісу, шекаралар өзгерісінің нәтижесі». Ақиқатын айтқан. «Да и каждая суша неизбежно заканчивается морем. Поэтому расширение зоны влия­­ния российской империи – это планамерное движе­ние России к азиатским морям». Стариковыңыз осылайша Ресейдің арғы-бергідегі сыртқы саясаттағы ұстанымын жілікше шағып береді. Бәлкім, біз сияқтыларға оның «картасын ашып» көрсеткендігі дұрыс болар, кім білсін?! Автордың пікірі қазақтың «Өзіңе өзің берік бол, көршіңді ұры тұтпа» деген мақалымен астасады. Олай болса, Қазақ еліне де көр­ші мемлекеттің «мақсатты қимы­лының» қосағында кетпей, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тереңнен ойластыруы қажет-ақ. Саясатты стариковша сөйле­тетін болсақ, төрткүл дүниеге алпауыт мемлекеттер ғана би­лігін айтып, өз үстем­ді­гін жүр­гі­зеді екен. «Главная и един­ствен­­ная суть мировой политики – это борьба за ресурсы и за кон­троль над ни­­ми». Осы тұста автордың айтқанымен келісуге тура келеді. Әлемдік деңгейдегі саясаттың бәрі осы тұжырымның төңірегінде тоқайласады. Енді Стариковтың түйінді пікіріне тоқталайық: «История учит нас двум вещам:
  1. Политика любых стран осу­ществляется всегда в их собственных интересах и никогда в интересах чужих.
  2. Военная слабость никогда не была залогом безопасности и, наоборот, всегда являлась притягательным фак­тором для потенциального агрессора».
Амалсыз келісесің. Өйткені, әлемдік саясат бүгінде осы ар­нада дамып келеді. Сосын Чер­чилльдің сұңғылалығына тағы бір мәрте көз жеткізесің: «Англияның мәңгілік достары жоқ, мәңгілік мүдделері ғана бар». Жаһандық саясаттың бүгінгі тамыр бүлкілі де осыған сая­ды. Алпауыт елдер дүниені бөліске салу жолында, ғаламдық байлықтан қомақты үлесін қарпып қалу мақсатында алуан түрлі қитұрқы әрекетке барып отырғанына куә да болып жүр емеспіз бе? «Хочешь быть свободным, хочешь безопасности – будь сильным». Енді осы тұжы­­рымды қазақы ұғымға алаш қайраткері Әбіш Кекілбаевша қайырар болсақ, төмендегіше түйіндеуге болады: «Біз еш­кімге күш көрсет­пейміз. Біз де адам перзентіміз. Кем емес, тең пер­зентіміз. Ке­рек кезін­де кең де бола аламыз. Керек кезінде ер де бола ала­мыз». Ендеше, Қазақ еліне ешкімге жалтақтамай нағыз ерлерше өмір сүретін қоғамды қалыптастырып, қауіпсіздігін нығайтып, адамзаттың тең пер­зенті ретінде терезесі тең дәре­жеде әңгіме қозғайтын уақыт әлде­қашан келді. Түйінді мәселені дер кезінде тарқата білмесек, алпауыт елдердің қақпақылында қалт-құлт етіп өмір кешу жалғаса бер­мекші... Жаңа кітаптан сабақ алып, сақтану шараларын ескеріп жүрмесек болмайды.