Ұл бала алматылық клиникалардың бірінде дүниеге келген, енді оны мұхиттың арғы жағына алып кетеді. Ақтөбелік ана канадалық отбасына суррогат ана (құрсақ ана) болды. Әйел ақтөбелік клиникада ВРТ технологиямен енгізілген ұрықтық эмбрионнан бала көтеріп, өмірге дін аман әкелген.
Ұл бала жақында дүниеге келді. Оған туған бойда канадалық ата-аналарының аты-жөні берілді. Таяуда баланы Жердің батыс жарты шарына, Торонто қаласына алып кетеді. Суррогат ана бұдан былай өзі туған баламен байланысқа шығуға құқы жоқ.
Бала үшін мұхит асып келудің де жөні бар болып шықты. Канадада тапсырыс бойынша бала туып беру анағұрлым қымбат, 30 мың долларға жуық қаржы тұрады екен. Ал ақтөбелік суррогат ананың қызметі 1,5 – 2,5 миллион теңге тұрады, жергілікті клиникада ұрықты енгізу процесі тағы 1,4 миллион теңгеге түседі.
Қазір Ақтөбе облысында жасы 40-тан асқан тапсырысшы үшін баланы өмірге әкелу оқиғасы күтілуде. «Көргеніңнен көрмегенің көп» деген осы. Қазір бұған да етіміз үйрене бастады, таңғалмайтын болдық.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

«Махаббат, қызық мол жылдардағы» Майра
Зерде • Бүгін, 08:15
Білім • Бүгін, 08:13
Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?
Экономика • Бүгін, 08:10
Кітапханаға арналған кешенді жоба
Кітапхана • Бүгін, 08:07
Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап
Саясат • Бүгін, 08:05
Мессидің хет-тригі Аргентина құрамасына жеңіс сыйлады
Футбол • Бүгін, 08:05
Өндіріс • Бүгін, 08:02
Пікір • Бүгін, 08:00
Шойынжол бекеттері қайта жанданды
Аймақтар • Бүгін, 07:58
Ербол Жолданғар: Өзгеріс тиімділігімен бағаланады
Сұхбат • Бүгін, 07:55
Солтүстік экономикасындағы серпіліс
Саясат • Бүгін, 07:50
Теміржол инфрақұрылымы жаңару жолында
Саясат • Бүгін, 07:45
Жеңіл өнеркәсіпті өркендету жайы пысықталды
Үкімет • Бүгін, 07:40
Франция құрамасы Сенегалды 3-1 есебімен тізе бүктірді
Спорт • Бүгін, 02:05