Өткен аптада Анкараның Кечиөрен ауданындағы Сүйінбай саябағына ақиық ақынның мүсіні орнатылғанын хабарлаған едік. Енді, міне, Түркияның астанасы – Анкара қаласында қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы саябақ ашылды.
Саябаққа дәулескер күйшінің аты халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен, Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен және Қарағанды облысының әкімдігінің атсалысуымен берілді. Бұл демалыс орны Анкара қаласының орталығындағы Етимесгут ауданында орналасқан.
Саябақтың ашылу салтанатына Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Анкара қаласы Етимесгут муниципалитетінің мэрі Әнуар Демирель, ақын Серік Ақсұңқарұлы, Тәттімбеттің тікелей ұрпағы Мүслім Жақпаров пен түрік зиялылары қатысты.
Шарада алдымен Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрінің орындауында күйші-композитордың «Сарыжайлау», «Сылқылдақ» күйлері тарту етілді. Одан кейін Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, қазақ күйшісінің атындағы саябақтың ашылуы екі елдің арасындағы мәдени және достық қарым-қатынастың жыл өткен сайын дамып, нығайып келе жатқанын көрсететінін, қазіргі кезде түбі бір түркі елдерін жақындастыратын, екі елдің рухани байлығын арттыратын жұмыстардың қолға алынып жатқанын айтты.
–Түрік елінде қазақтың тарихы мен мәдениеті жақсы насихатталып келеді. Осы жерде 2011 жылы халық әртісі, күйші-композитор Дина Нұрпейісованың 150 жылдығына байланысты саябақ ашылған болатын. Былтыр Кечиөрен ауданында Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына орай саябақ ашылды. Сондықтан, түрік жерінде халқымыздың мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан тұлғаларға құрмет көрсетіліп жатқаны біз үшін зор қуаныш, үлкен абырой. Осындай маңызды шаралар түркі халықтарының арасын жақындастыра түседі, – деді ол.
Аталған шарада ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов те түркі елдерінің ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Ол халық күй өнерінің классигі Тәттімбет Қазанғапұлына арналған саябақтың қаланың дәл орталығында орналасқанын, осының өзі түркі халқының Қазақ еліне деген ыстық ықыласын білдіретінін айтты. Сонымен бірге, ол ТҮРКСОЙ ұйымы былтырғы жылды хакас дастаншысы Семен Кадышевқа, түрік жазушысы Халдун Танерге арнағанын, ал биыл атақты ойшыл Жүсіп Баласағұниге құрмет көрсетіліп, халықаралық конференциялар ұйымдастыруды қолға алып жатқанын жеткізді.
Альбина ӘШІМ,
«Егемен Қазақстан» –
Анкарадан

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54