28 Маусым, 2016

Итальян актері Бад Спенсер қайтыс болды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_48949" align="aligncenter" width="700"]160628-Bad Spencer Фото: today.kz[/caption] РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Италияның Рим қаласында әйгілі комедия актері, продюсер, сценарист, спортшы Бад Спенсер 86 жасында қайтыс болды. Актердің кинематографияда «спагетти-вестерн» фильміндегі Теренс Хиллмен бірігіп сомдаған рөлі арқылы атағы дүние жүзіне тараған. Мәліметтерге сәйкес, ол бұл салаға есейген шағында келген. Ал жас күнінде спортшылардың бірі болған. Италияның суда жүзу спорт түрінен крольді және еркін стильде чемпион атанған. Бад Спенсер саясатпен де айналыспақ болған екен. Бірақ бәрі сәтсіз аяқталған. «Әкем қайтыс болар кезінде ауырсынуды білмеді. Біз оның ақтық демі таусылғанша жанында болдық. Оның соңғы сөзінде айналасындағыларға алғысын айтып кетті», – деді оның үлкен ұлы Джузеппе Педерсоли. Аян ӘБДУӘЛИ.