24.kz[/caption]
24.kz телеарнасының хабарлауынша, Ыстамбұлдағы аэропортта болған жойқын жарылыстан 36 адам қаза тауып, 100-ден астамы әртүрлі деңгейде жарақат алған. Оқиға ортасына келген қала губернаторы Васип Шахин террорлық актіні үш жанкешті ұйымдастырғанын мәлімдеді.
Жарылыс аэропорттың халықаралық терминалы мен автотұрағында орын алған. Белгілі болғандай, лаңкестер террорлық әрекетті ғимарат ішінде жасамақ болған. Алайда, полицейлер олардың жолдарын дер кезінде кескен. Куәгерлердің айтуынша, жанкештілер жарылғыш затты іске қоспас бұрын полицияға автоматтан оқ жаудырып, табанды түрде қарсылық көрсеткен.
Лаңкестік оқиғадан соң Ататүрік аэропортында ұшақтардың ұшып-қонуы уақытша тоқтатылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ал бағыттық кестеге сәйкес ұшып келетін рейстер болса, қаланың екінші халықаралық аэропортына жіберілуде.
Айта кетейік, жарылыстан жарақат алған адамдарды ауруханаға жеткізу үшін 60-қа жуық жедел жәрдем көлігі жұмылдырылып, тиісті медициналық көмек көрсетілді.
Бүгінгі таңда еліміздің Ыстамбұл қаласындағы бас консулдығы зардап шеккендердің қатарында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр.
Талғат Райымбек.
• 29 Маусым, 2016
Түркиядағы аэропортта болған жарылыстан 36 адам қаза тапты

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше