Президент • Бүгін, 20:28

Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан мен Қазақстанның халық әртісі Фаррух Закировті 80 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

«Тума талантыңыздың, сарқылмас күш-қуатыңыз бен ерекше еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылығыңызға тәнті миллиондаған тыңдарманның ықыласына бөлендіңіз. Сіздің өнеріңіз жылдар бойы бірнеше буын ұрпақ пен халықтарды баурады. Қазақстанда қайталанбас дауысыңызды және тұтас дәуірдің мәдени феноменіне айналған әйгілі «Ялла» ансамблінің орындауындағы танымал әндерді жақсы көреді», деп жазылған жеделхатта.

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен музыка өнерін дамытуға, сондай-ақ халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Фаррух Закировті ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады

Соңғы жаңалықтар