pm.kz[/caption]
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов: «Қазақстан 138 дауыстың 129 қажеттісін жинады. Құттықтаймын! Бұл біздің ортақ жеңісіміз», – деп мəлімдеді. Бұл туралы pm.kz сайты хабарлады.
Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, Бас Ассамблеяда өткен дауыс беру кезінде Қазақстан 138 мемлекеттің қолдауына ие болған. Еліміз бұл сайлауда 55 дауыс жинаған Таиланд мемлекетінен басым түскен.
«Дауыс берушілердің үштен екісінің қолдауына ие болып, Қазақстан Қауіпсіздік кеңесіне 2 жылға тұрақты емес мүше болып сайланды. Енді 1 қаңтардан бастап қызметін бастайды», – деді Бас Ассамблеяда 70-сессиясының төрағасы Могенс Люккетофт.
Айта кетейік, еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақсыз мүшесі болуға ниеті жайлы 2010 жылы баршаға жария еткен болатын. Үш жылдан кейін Астана өз үміткерлігін сүйемелдеу бойынша ресми науқанды бастады. Науқан Қазақстанның 2014-2020 жылдарға сыртқы саясаты Тұжырымдамасына негізделеді. Оған сәйкес халықаралық ұйымдарға белсенді қатысуы елдің ұлттық мүдделерін қорғаудың және барынша танымалдығын қамтамасыз етудің маңызды құралы, сондай-ақ, аймақтық және жаһандық сыртқы саясатының қозғаушы күші болып табылады.
Аталған науқан аясында халықаралық ынтымақтастықтың төрт басымдық салалары – азық-түлік, су, энергетика және ядролық қауіпсіздікті қоса алғанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесімен байланысты трансұлттық қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, Қазақстан жеке тәжірибесіне қарай отырып, осы салаларға назар аударады.
Талғат Райымбек.
• 29 Маусым, 2016
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайланды

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше