Фото: interfax.ru[/caption]
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 16 шілдеде жүзеге аспай қалған әскери төңкеріс әрекетінен кейін үш айға төтенше жағдай жариялады.
«Лаңкестік ұйымдардың шабуылдарына дер кезінде тосқауыл болу үшін Қауіпсіздік кеңестің мүшелері үкіметке үш ай мерзімге төтенше жағдай жариялауды ұсынды. Бұл әскери төңкеріс жасамақ болғандарды жазалау үшін әрі қауіптің алдын алу үшін қажет», – деді Түркия президенті.
Режеп Тайып Ердоған бұған қос парламенттің өлім жазасын қалпына келтіру шараларын қолдайтынын да атап өтті.
Айта кетейік, 16 шілдеге қараған түні бүлікшілер әскери төңкеріс жасауға әрекеттенген болатын. Мемлекет президенті көп ұзамай бұл іске қатысы бар күдіктілерді қолға түсіргенін, бүліктің басылғанын мәлімдеді. Мәліметтерге қарағанда, осының салдарынан 208 адам қаза тауып, 1,5 мыңға жуығы зардап шеккен. Сонымен қатар, 100-ден астам бүлікшінің көзі жойылды. ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша бұл іске қатысы бар 6 мыңнан астам адам қамауға алынған.
Аян ӘБДУӘЛИ

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше