Маңғыстауда күн күйіп тұр. Онсыз да қаңсып тұрған даланың апшысын одан сайын қуырған шілде қаһарына мініп тұр. Жөні де бар, өйткені халық ұғымындағы «қырық күн шілде» басталғалы да он күн.
Мамандар тұрғындарға өлкеде қатты ыстық болуы мүмкіндігін, сол себепті сақ болу қажеттігін алдын ала ескертті. Синоптиктердің айтуынша, қазір Маңғыстаудың бірқатар өңірлерінде, әсіресе, Бейнеу, Қарақия және Маңғыстау аудандарында температура +41 градусқа жеткен. Жұртшылық күн ұясына батқан кеш пен түнді асыға күтіп, кең тыныстап алуға асығатын болса, қазір Маңғыстауда түннің өзі аптап болып тұр. Мамандар түнгі мезгілдің +25-28 градусты көрсетіп тұрғандығын айтуда. Бұл жағдай өңірде жоғары қан қысымымен ауыратындар үшін және жүрегінде ақауы бар жандар үшін оңай болмай тұр. Бір күнде ауруханаларға бірнеше адам түсіп, дәрігерлер қарбаласқа түсуде.
Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соққан жел құрғақ ауаны үрлеп, аңызаққа ұласуда. Мамандар бұл жағдайдың, яғни +40 градустан асқан ыстықтың шілде айының соңына дейін жалғасуы мүмкін екендігін айтуда.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше