Түс мезгілінде ең болмағанда он минут мызғып алудың адам ағзасы мен шығармашылық қабілетіне тигізетін пайдасы мол екен. Арнайы зерттеу жүргізген Калифорния университетінің дәлелдері осыған анық көз жеткізді.
Ғалымдар 80 адамға тәжірибе жүргізген. 80 адамның жартысына бір ай бойы түскі уақытта ұйықтауға жағдай жасап, қалған жартысына көз шырымын алдырмапты. Олар күн сайын бесін уақытында шығармашылық қабілет деңгейін анықтайтын тестілеуден өтіп отырған. Тестілеу нәтижесінде түсте ұйықтаған топ екінші топпен салыстырғанда 40 пайыз жоғары нәтиже көрсетіпті.
Ғалымдардың айтуынша, әсіресе, шығармашылық адамдары үшін түсте көз шырымын алу өте пайдалы. Бұл олардың қабілеттерін жақсартып қана қоймай, шығармашылықпен барынша ұзақ жылдар бойы айналысуына көмектеседі.
Нұртөре САМАРҚАН

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше