Атырауда осынша жасөспірім «В контакте» желісіндегі суицидке итермелейтін топтарға мүше болған
Бүгінгінің жасы да, кәрісі де әлеуметтік желіге телміреді. Алайда, кейбір әлеуметтік желілерде оң-солын әлі танып үлгермеген жасөспірімдерді өз-өзіне қол салуға итермелейтін топтардың бары белгілі. Мәселен, «В контакте» әлеуметтік желісінде суицидті ашық насихаттайтын 22 топ анықталған. Осыған орай Атырау қалалық прокуратурасы әлеуметтік желілердегі суицид фактілеріне үгіттейтін топтарға мониторинг жүргізіп келеді.
Мониторинг нәтижесінде 22 топтың әрқайсысында он екіде бір гүлі ашылмаған жасөспірімдерді суицидті жасау әрекеттері және дарға асылу, тамырларын кесу және т.б. фото түсірілімдері мен өлімге итермелейтін мақалалардың жарияланатыны анықталған. Талдау көрсеткендей, анықталған топтардың мақсаты жасөспірімдер арасында өмірге құштарлығын азайтып, суицидке итермелеу екендігі де байқалды.
Бір қынжылтар жайт, Атырау облысы бойынша 1800 жасөспірім мақсаты бұзық топтарға мүше болғаны және сол топтардағы мақалаларды өзінің жеке парақшаларына салып, достарымен бөліскен деректері анықталыпты. Сол себептен, мониторинг қорытындысына сүйенген прокуратураның бастамасымен жасөспірімдер мен басқа да тұлғалардың аталған топтарға мүше болуын шектеу мақсатында Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесе отырып тосқауылдар қойылуда.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше