3 600 000 теңгеге ұтылды
Ақмола облысының полицейлері Көкшетау қаласындағы букмерлік кеңселердің бірінің кассир-операторының үстінен қылмыстық іс қозғады. Ол құмарпаздық шеңгелінен шыға алмай, компанияға тиесілі 3 600 000 теңгеге жуық қаржыны ұттырып қойыпты.
Букмерлік кеңсе директорының шағымы бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Ол осында үш жыл бойы жұмыс істейді екен. Кассирдің қызметтік міндетіне клиенттердің ақшасына әртүрлі ойындарға ставка қойып, жеңген жағдайда ұтыстарын беріп отыру кіреді.
16 шілде күні сағат 20.00-де жұмысқа келген ол әріптесінен кассаны қабылдап алған. Ал, сағат 21.00-де спорт ойынына 100 000 теңге ақша тігіпті. Бірақ ұтылып қалады. Қаржыны қайтару мақсатымен тағы да 100 000 теңгені тігеді. Бұл жолы да жолы болмайды. Құмарпаздық пен ызаның жетегіндегі қыз өзін-өзі бақылауды қойып, үстін-үстін 15 (!) ставка жасапты. Өкініштісі, ол осының бәрінде ұтылған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 195-бабының 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше