Фото: 112.ua[/caption]
Армения астанасы Ереванда наразылық шарасына қатысқаны үшін полиция қызметкерлері 136 адамды қамауға алды.
«Заң бұзғанына байланысты 136 азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді», – делінген хабарламада. Сәрсенбі күні түнде шеруге шыққандар тәртіп сақшыларына тас лақтырып, бүлік шығарған. Ал демонстранттардың айтуынша, жөн-жосықсыз бір адамды қамауға алғаны үшін жағдай ушыққан. Еревандағы жағдай тұрақталғаннан кейін 51 адамның оның арасында 28 тәртіп сақшысы дәрігерлер көмегіне жүгінуіне мәжбүр болған.
Айта кетейік, өткен жексенбі күні, 17 шілдеде қаруланған топ полиция бөлімшесіне басып кіріп, бірнеше адамды кепілдікке алған. Бір адам қаза тауып, алтауы жарақат алған. Кепілдікке алғандардың арасында Армения полиция басшысының орынбасары Вардан Егиазарян мен Ереван полициясы басшысының орынбасары Валерий Осипян болған.
Қаруланғандар қамауда отырған Карабах қақтығысының қатысушысы, радикалды оппозициялық «Жаңа Армения» қоғамдық құтқару фронтының жетекшісі Жирайр Сефилянды босатуды талап еткен.
Осы жылдың 22 маусымында Ереванның Арабкир және Канакер-Зейтун әкімшілік аудандарының соты Жирайр Сефилянды «бір топ адаммен бірге алдын ала келісім бойынша бірнеше қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, сондай-ақ оларды заңсыз сатып алу, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» айыбы бойынша екі айға қамаған. Ал тұтқынның өзі бұл іске қатысты жауап беруден бас тартқан болатын.
Аян ӘБДУӘЛИ

Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31