Елімізде жыл сайын сотқа шағымданушылардың саны жыл сайын артып келеді. Осыған орай «Сот кабинеті» қызметі ашылған болатын. Жыл басынан бері, мәселен, бері Астана қаласының «сот кабинетіне» 32 мыңнан астам арыз-шағым, екі жарым мыңға жуық өтініш түсті. Бұл туралы Астана қаласындағы «Сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялар» тақырыбы аясында өткен дөңгелек үстелде айтылды.Ал, мұнда «Сот кабинеті» қызметі 2014 жылдың ортасынан бастап іске қосылған. Онда тараптар үйден шықпай-ақ, сотқа арыз-шағымдарын, өтініштерін жолдай алады. Электрондық жүйе арқылы 8 қызмет түрін алуға болады. Бұл туралы «Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісі» РММ басшысының міндетін атқарушы Айбол Ибрагимов былай дейді: «Сот кабинеті» халыққа ыңғайлы әрі тиімді. Бұл – қағазбастылықтан құтылудың бірден-бір жолы. Аталған сервистің негізгі ерекшелігі кез келген азамат интернет желісі арқылы сотқа талап-арыздар мен өтініштерін тапсырып ғана қоймай, соттың қарау мерзімдерін бақылауға мүмкіндіктері бар». Сөйтіп дөңгелек үстел барысында еліміздің сот жүйесіне енгізілген заманауи технологиялардың ерекшеліктері талқыланып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға баса назар аударылды. Бұл сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, сот төрелігінің қолжетімділігін, айқындылығын және ашықтығын арттыруға серпін берері сөзсіз.
Айман МҰҚЫШЕВА

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше