Өскемен қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын жаңа нысанның құрылысы басталды. Құрылыстың басталуына орай ұйымдастырылған cалтанатты рәсімге «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бауыржан Мамытәлиев, Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Арман Искаков, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Басқарма төрағасының мәліметі бойынша, тұрғын үй кешені Өскемен қаласының ең перспективалық аудандарының бірі – сол жағалауда орналасады. Жаңа нысан ІІІ жайлылық санатындағы тоғыз қабатты көппәтерлі үш үйден тұрады. Тұрғынжайлардың ауданы 19,5 мыңнан астам шаршы метрді құрайды. Барлығы 325 пәтер салу жоспарланған.
Жобаның жалпы құны 4 миллиард теңгеден астам, оның 80 пайызы «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» тарапынан қаржыландырылады. Құрылыс барысында энергия үнемдейтін материалдар қолданылады.
Айдар ӨРІСБАЕВ

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше