Рио Олимпиадасынан ел қоржынына алғашқы алтын медальді салған Ниджат Рахимовтың балалық шағы Баку қаласында өткен. Әкесі Әли де спортшы, ауыр атлетиканың қыр-сырын бір кісідей біледі. Сол себептен де болар, Ниджатты бала күнінен қолынан жетелеп, ауыр атлеттер жаттығатын залға жиі ертіп барыпты. Осылайша бұғанасы қата қоймаған кезден, зілтемірді допша көтерген ауыр атлеттердің әр қимылына тамсанудан талмаған ұл өз аңсарының осы спортқа ауғанын байқамай қалыпты.
Қазақ елі оны құшақ жая қарсы алды. Түбі бір түркі елінің өкілі Ниджат та бұл жақты жатсынбады. Атыраудай мұнайлы өңірдің табиғаты қаталдау болғанымен, оны тұрғындарының қазақтың кең даласындай дархан көңілі жігерлендірді. Жергілікті билік жаңадан бой көтерген көп қабатты үйден баспана берді. Спорт мамандары қолдауын көрсетті. Тахир Халматовтай халықаралық дәрежедегі спорт шебері қамқорлығына алып, халықаралық сайыстарға дайындай бастады.
Қазақ елінің, қазақ халқының дархан көңілінен жанына медет тапқан Ниджат та көп ұзамай бабына келді. Өз салмағы – 77 килода ел чемпионатында топ бастады. Сосын, Хьюстонда жалауы желбіреген әлем чемпионатында оған теңесер қарсылас табыла қоймады. Бұл оның қазақ елі туы астындағы алғашқы жеңісі болатын.
Менің бір ғана қарсыласым бар, ол – тек зілтемір деп мәлім етіп еді Хьюстондағы әлем чемпионатынан кейін Ниджат Рахимов.
Ол Рио Олимпиадасындағы екінші жаттығуында тәуекелге барды. Алдыңғы бағындырылған белестен 12 килоға ауыр салмаққа тапсырыс берді. 214 кило! Бұл салмақты ақырында төбесіне тік көтеріп әкетті. Рекорд! Чемпион да болып шыға келді.
Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль осылай түсті.
Қазақ елінің даладай дархан көңілінің мейірімі мен ыстық ықыласына бөленген Ниджат Рахимов енді азаматтығын ауыстырмауға бекініп отыр. «Маған азаматтығын беріп, Олимпиада чемпионы болуыма жол ашқан Қазақ елі, өзім тұрып жатқан Атырау облысы ұнады. Мен енді Қазақстаннан ешқайда кетпеймін. Бұдан былай да Қазақстанның атынан халықаралық додаларға қатыса беремін. Менің басты арманым – өзім тұрып жатқан елдің абыройын, мерейін тасыта беру!», – деді ол.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ

Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31