Әлем чемпионатында топ жарып, Рио Олимпиадасының қола жүлдесін алып үлгерген ауыр атлет Александр Зайчиков қазақшаға судай. Кішкентайынан қазақ балалары арасында өскен Сашаның мұнысына көп жұрт таңғалғанымен, әкесі Виталий Анатольевич оншалықты қайран қала қоймайды.
– Виталий Анатольевич, Сашаның ауыр атлет болатыны қай кезде байқалды?
– Ұлым кішкене күнінен қолды-аяққа тұрмайтын ширақ болып өсті. Мұны жұрт та байқайды екен. Бір күні үйге Ғалым деген жас жігіт келді. Өзі менің баламның қолынан ұстап алыпты. Басында Саша бірдеңені бүлдіріп қойды ма екен, деп кіпі алып қалғам. Сөйтсем, келген жігіт грек-рим күресінің жаттықтырушысы екен, ұлымды сырттай көріп жүріп, өзіне шәкірт етіп алмақшы болыпты. Бұған дейін спорттың каратэ, велоспорт, футбол, баскетбол сияқты біраз түрлеріне қанығып өскен ұлым күреске баруға ынталылық танытты. Осылайша бәрін күрестен бастады.
– Ал ауыр атлетикаға қашан ауысты?
– Күресіп жүрген күндерінде қазіргі жаттықтырушысы Алмас Абдраев көріп қалып, бірден ауыр атлетикаға шақырады. Шамасы, дене бітіміне қызығып қалса керек. Сашаның өзі де оған қуана барды.
– Ұлыңыздың тұғырдағы тайталасын көрген шығарсыз?
Адамда ондай кезде ұйқы бола ма, үйге туған-туыстар мен достардың бәрі жиналып, таңды бірге атырдық. Жанымызда Сашаның нағашы атасы Виктор Александрович те болды. Осы түнде бұл кісі 69 жасқа толды. Екі қуаныш қатар келіп, ол біраз толқыды.
– Ұлыңыз қалай «қазақ» болып кетіп жүр?
– Біз әуелгіде ол қазақ тілін балалармен ойнап жүріп үйренген болар деп ойлаушы едік. Оның қазақшаны осынша таза сөйлейтінін кейін білдік. Саша ұстазы Арманның кеңесімен қаладағы Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта оқыды. Онда барлық пәндер қазақ тілінде жүретін еді. Біз баламыз осыдан қиындық көретін шығар деп қауіптендік. Бірақ ол сабақты қазақ балаларымен бірдей оқып, мектепті ойдағыдай бітіріп шықты.
Әңгімелескен
Руслан ИГІЛІК

Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31