Екібастұз қаласының ауылдық аумағына қарасты Құлакөл ауылында бес жүзге жуық халық тұрады.Бір сөзбен өндірісті ауыл деп атауға болады. Әсет Исекешев ауыл әкімдігінде облыстағы ауылшаруашылық және кәсіпкерлік саласы өкілдерімен жиын өткізді. Елбасы Жолдауында даму әлеуеті жоғары ауылдарда инфрақұрылымдарды дамытып, кәсіпкерлікке үйрету, кәсіпкерліктің жаңа жобасын жасап шығару тапсырылған болатын. Осы ретте ауылға өз кәсібін қолға алудың жаңа мүмкіндіктері ашылып отыр, деп атап өтті Ә.Исекешев. Жиында «Ертеңің үшін аянба» деген қанатты жоба таныстырылды. Бұл жоба халықтың қолжетімді несие алуын, оқытуды, жұмысты ұйымдастыру курстарын ашуды, еңбек жасындағы жастарға көмек көрсетудің тиімділігін арттыруды көздейді және бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Өңірде кез келген кісі өз кәсібін ашамын десе, оған ақпарат керек. Ал жобада барлық ақпарат жазылған.
Құлакөл ауылынан соң Әсет Исекешев Екібастұздың ГРЭС-1 стансасына келді. Станса басшылығы құны 220,4 млрд. теңге болатын инвестицияның алдағы жылдары жүзеге асырылатынын айтты.
Бұл бағдарлама тоқтап тұрған 3 энергоблокты қалпына келтіруді, 8 электр сүзгісін орнатуды, қолданыстағы 5 энергоблокты және жалпыстансалық жабдықтарды жаңғыртуды көздейді. Келесі кезекте Әсет Исекешев вагон жасау кәсіпорнында болып, оның жұмысымен танысты. Болашақта жылына 5 мың вагон шығарылмақшы. Осында шығарылған жүк вагондарын өзімізде және ТМД елдеріне экспортқа шығару жоспарда бар. Жуырда ғана №5 энергоблокта қоршаған ортаны ластанудан қорғайтын электрлі сүзгі іске қосылды. Жаңа құрылғы ауаға таралатын зиянды күлдің мөлшерін жылына 17,5 мың тоннаға дейін төмендете алады. Бұған дейін экологияға залал келтіретін қалдықтардың ауаға таралу мөлшері жылына 20,5 мың тоннаны құраса, енді ол көрсеткіш 3 мың тоннаға дейін азаяды. Бұл кәсіпорынның қаржы үнемдеуіне де әсер етеді. Мысалы, экологиялық зардаптар үшін жылына төленетін қаражат көлемі 70,6 миллион теңгеге қысқарады. Стансадағы № 2 және № 8 энергоблоктарды қайта қалпына келтіру жұмыстарына құйылатын инвестиция көлемі 53,4 млрд. теңге болады. Жобаны іске асыру мерзімі – 2014 жыл. Энергетика – ел экономикасының қозғаушы күші. Елімізде қолға алынып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы да энергетика саласымен тығыз байланысты. Бұл ретте, ГРЭС-1 стансасының орны ерекше. Қазір стансада 5 энергоблок жұмыс істеп тұр. Әсет Исекешев бұдан кейін жалындаған отсыз, түтінсіз мембранды жаңа технологиямен жұмыс жасайтын «Каустик» АҚ-ты аралап көрді. Осында өткен отандық тауар өндірушілер жиынына қатысты. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев 14 наурызда онкүндік сапармен өндірісті өңірге келетін неміс кәсіпкерлерінің сапары, олардың мақсат-жобалары жөнінде айтып өтті. Жергілікті кәсіпорындардың тауар мен қызмет көрсетудегі қазақстандық үлес салмағы да артып келеді. Қазір кәсіпорындар шетелдік тауарлардан гөрі елімізде өндірілетін өнімдерге назар аудара бастапты. Үкімет Елбасы тапсырмаларына орай отандық тауар өндірушілерді қорғау, мемлекеттік және елімізде жұмыс жасайтын шетелдік инвесторлар тапсырысындағы олар шығаратын тауарлардың үлесін арттыру мәселесімен шұғылданып келеді. Кеден одағына енгеннен кейін отандық тауарларға қойылатын талап та жоғары. Шығарған өнім бәсекеге қабілетті, нарық заңына төтеп бере алатындай болуы керек.
Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.

Ғылымды бюджет есебінен қаржыландыру 3,5 есе ұлғайды
Үкімет • Бүгін, 14:22
Маңғыстаулық студент ұшақ бортында жолаушыға жәрдемдесті
Аймақтар • Бүгін, 14:18
«Жасыл аймақ» басшылығы неліктен жұмысшылардың ақысын төлемеген?
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қару-жарақ пен валюта: Шекарада заңсыз жүк тасымалының жолы кесілді
Қазақстан • Бүгін, 13:33
25% және 33% жеңілдік: Зейнеткерлер мен жастар үшін пойыз билеті арзандайды
Қоғам • Бүгін, 12:47
Алматыда Балалардың құқығын қорғау басқармасы құрылады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Астанада ұландықтар есірткі қылмысының жолын кесті
Әскер • Бүгін, 12:17
Ақпан қан тапсыру айы деп жарияланды: Ақмарал Әлназарова қан доноры болды
Медицина • Бүгін, 12:08
Жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру: Арандатушылар заң алдында жауап береді
Үкімет • Бүгін, 12:01
Ақпан айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 11:43
Атырау облысында адам саудасымен айналысқан 21 дерек анықталды
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды
Спорт • Бүгін, 11:13
Наурыз айында ел тұрғындары қатарынан бес күн демалады
Мереке • Бүгін, 11:02