ТМД әу бастан әр мүшесінің мемлекеттік егемендігін жоғары қойды. Ортақ міндеттер – өркениетті, демократиялық мемлекет құру, интеграциялық шараларды, бейбітшілік пен қауіпсіздікті, бұрынғы Кеңес Одағы қабылдаған халықаралық міндеттерді орындау, Одақтың ядролық күштерін бақылау ТМД ұйымы жүзеге асыратын басты міндеттері болып белгіленді.
Халықаралық қатынастарда прагматизм үстемдік құрып тұрған заманда сөз жоқ, әрбір ТМД мүшесі өзінің мақсат-мүдделеріне қызмет етті. Сонымен бірге, әлемдік экономикалық бәсекелестік ТМД мүшелерінің ортақ экономикалық кеңістіктің іргетасын қалауды талап етті. Бұл идеяны Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қызу қолдады. Оны іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) құрылды. Бұл экономикалық ынтымақтастық ұйымына ТМД-ның бұрынғы алты республикасы мүше болды.
Олар: Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан. ТМД-ның бұл елдері осы ұйым шеңберінде экономикалық, сауда және ақпараттық технология саласындағы байланыстарды нығайтуды, даму жоспарларының кеден, салық, қаржы, ғылым мен білім т.б салаларын да үйлестіруді көздеді. Дегенмен, ТМД-ның қызметі біртекті өрлеу бағытында дамып отырды деу артық айтқандық болар еді. Ресей ТМД-ға байланысты прагматикалық саясат ұстай алмады. 90-жылдардың басында Ресей саясатшылары жас ТМД елдерін жасанды мемлекеттер ретінде қабылдады. Ресейсіз олардың күні жоқ деп білді. Дегенмен, бұл елдердің толыққанды тәуелсіз мемлекеттер екендігін Ресей уақыт келе ғана ұғынды. Олар көпвекторлы сыртқы саясат жүргізу арқылы Ресейден өзге одақтастар мен әріптестер таба алатындығын дәлелдеді.
ТМД шеңберінде энергия қуаттарын, тауарларын өткізу қажеттілігі мен пайдалығын Ресей түсіне бастады. Мысалы, Солтүстік Қазақстан астығын Еуропаға қарағанда, сол бағамен Ресейге сату Қазақстан үшін өте пайдалы. Өзбекстан көкөнісі мен мақтасын басқа алыс елдерге тасығанша Қырғызстанға, Қазақстанға ойдағыдай өткізе алды. Сондай-ақ, ТМД елдерінде бұрыннан қалыптасқан шаруашылық қатынастар мен байланыс жүйелері болды. Оларды қалпына келтіру арқылы жеңіл өнеркәсіпті ғана емес, ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын қалпына келтіруге мүмкін болды. Соның арқасында жұмыссыздық мәселесін шешуге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік туды. Бастапқы жылдардағы таяу шетел, алыс шетел деген ұғымдар ұмытыла бастады. Енді бәріміз – шетелміз. Өзара қатынастарымыз да тек пайдалы мәселелер төңірегінде өрбитін болады деген ұғым қалыптасты. ТМД елдері өзара қатынастарын халықаралық құқық негіздеріне сәйкестендіре шешуге үйренді. Алайда, ТМД ұйымы – бұрынғы республикалар үшін тек халықаралық интеграциялық үрдіске қосылудың бір жолы ғана болып қалды. Оның әр мүшесі ТМД-ға байланып қалуы міндет емес еді. Сондықтан Украина мен Грузияның Еуроодаққа кіруге ұмтылуын, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруге әрекеттенуін, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кіруін ТМД-ға қарсы әрекеттер деп қабылдау қате. ТМД-ға мүшелік ете отырып, оның әрбір мүшесі өзінің мемлекеттік мүдделеріне сәйкес басқа да кез келген ұйымдарға, одақтарға өз қалауымен мүше болуға қақысы бар. Мысалы, Қазақстанға ТМД да, ДСҰ да, ЕурАзЭҚ та, ШЫҰ да, ЕҚЫҰ да қажет. Яғни, оған өзінің көпвекторлы саясатына сәйкес түрлі ұйымдарға мүше болып, оларды түбегейлі ұлттық мақсат-мүддесіне пайдалана алу қажет болды.
Украина мен Грузия мемлекеттері Еуропалық одаққа жылдам кіру мақсатында ТМД-дан шығуды ойлады. Бірақ бұлар да кейінгі кезде ТМД әлі де өздеріне қажет екеніне көздері жеткендей.
Соңғы кезде Ресей мен Қазақстан Президенттері ТМД құрылымын жандандыру мақсатын күн тәртібіне қойып отыр. Ондағы мақсат, жоғарыда айтқанымыздай, ортақ экономикалық кеңістік жасау арқылы ТМД-ның әр мүшесінің әлемдік бәсекелестікке қабілеттігін арттыру. Н.Ә.Назарбаев дамыған Еуропа мемлекеттері көршілес отырып, ортақ рынок жасады, неге осындай пайдалы істі көршілес отырған ТМД мемлекеттері жүзеге асырмайды деген қағиданы ұсынды. Шаруашылықты дамытудың ортақ мақсаттарын шешетін ЕурАзЭҚ ТМД мемлекеттері шеңберінде жұмысын жүргізе бастады. Бұл ұйымның ТМД елдері арасында тауар айналысын бөгетсіз дамытуда рөлі күшейді. Демек, ТМД өз мүшелері үшін пайдалы ұйымға айнала бастағанын байқаймыз.
Сайын
БОРБАСОВ,
саяси ғылымдар докторы, профессор
АЛМАТЫ

Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Қазақстан • Бүгін, 19:00
5 мың қарағай: Қостанай облысының машина жасаушылары Аманқарағай орманына көшет отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 18:43
Үкімет басшысы жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 18:34
Алматы облысында жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 18:10
Ердоған Түркі әлемі мен Орта дәліздің стратегиялық маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 18:05
Тоқаев пен Ердоған БҰҰ рөлін күшейту туралы ортақ байламға келді
Президент • Бүгін, 18:02
Шымкентте Түркияның Гази университеті жұмысын бастайды: Тоқаев жаңа білім жобаларын таныстырды
Президент • Бүгін, 17:56
Елімізде азаматтардың 250 млрд теңге қарызы кешірілетін болды
Қоғам • Бүгін, 17:47
Қазақстан мен Түркия қандай жобаларды бірлесе жүзеге асырады?
Президент • Бүгін, 17:40
Түрік кәсіпкерлері ел экономикасына 6 миллиард доллар көлемінде қаражат салды
Президент • Бүгін, 17:40
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен баспасөз конференциясын өткізді
Президент • Бүгін, 17:30
New Vision Forum: Алматыда әлемдік деңгейдегі сарапшылар бас қосады
Форум • Бүгін, 17:20
Трамп Си Цзиньпинді Вашингтонға шақырды
Әлем • Бүгін, 17:06
Түрік компаниялары Қазақстанда 3 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады
Президент • Бүгін, 16:45