20 Қыркүйек, 2016

Жәрмеңкеге екі облыс барлығы 300 тоннаға жуық азық-түлік әкелген

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
atyrauАстанада жасаған азық-түлік жәрмеңкесіне Батыс Қазақстан об­лысының 12 ауданы мен Орал қала­сының кәсіпкерлері жалпы сал­мағы 200 тоннадан астам азық-түлік әкелді. Қойылған бағалар Астанадағымен салыстырғанда шамамен 20-30 пайыздай арзан болды. Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, қазір облыста 21 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық, 10 бордақылау кешені бар. Өткен жылы экспортқа шығарылған ет пен ет өнімдерінің көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп болды. Астаналық тұтынушылар үшін «Кублей» ЖШС, «Жайық Ет» ЖШС, «МаслоДел» АҚ, «Аг­ро­продукт ЛТД» ЖШС, «Белес Агро» АҚ, «Имановские полуфабрика­ты» ЖШС және басқалары өз өнім­дерін әкелді. Облыстағы ет өнді­руші аудандардың бірі саналатын Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Мағазұлы: – Біз ауданнан 2 тонна жылқы етін, 2 тонна сиыр етін әкелдік. Өнімдеріміз са­­палы, санитарлық нормаларға сай. Бағасы да жергілікті еттің баға­сынан арзан, – деді. Атырау облысы ауылшаруа­шы­лық жәрмеңкесіне жалпы көлемі 90 тоннадан астам өнім ұсынды. Мұ­найлы өңірдің ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы кәсіпкерлері ет, сүт, шұжық өнімдерін, құс еті мен жұ­мыртқа сынды бас-аяғы 58 түр­­лі тауар жеткізіпті. Атырау облысында  2 мыңнан астам агро­өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Оның 500-ге жуығы егін шаруашылығымен, 1500-ден астамы мал және аралас шаруашылықпен айналысады. 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегі көр­сеткішпен салыстырғанда, биыл­ғы жылдың алты айында ауыл­шаруашылық өнімдерінің көлемі 4,5 пайызға өскен. Облыстағы егіс­тік жерлердің аумағы да осыдан 5 жылғы көлемнен 20 пайызға ұл­ғайыпты. Арнұр Асқар, Айгүл СЕЙІЛОВА, Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ,   oral ???????????????????????????????????? atyrau8 atyrau10