Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны болып табылатын «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-та шығарылған байланыс құралдарын тәжірибелік-әскери пайдалануды жүзеге асыру үстінде.
Қуаттылығы орташа «Қарағай» радиостансасы мен «Ақтерек» радиорелелік стансасы, сондай-ақ, құрастыру және технологиялық құжаттама 2015 жылы «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-тың мамандары тарапынан 2015 жылы әзірленді.
«Қарағай радиостансасы дуплексті арналарды (бір уақытта жүзеге асырылатын екіжақты байланыс) немесе симплексті байланысты (бағыт бір жақта жүзеге асырылатын екі абонент арасындағы біржақты байланыс) радиожеліге немесе радиобағытқа ұйымдастыруға арналған. «Ақтерек» радиорелелік стансасы басқарудың стратегиялық, жедел-стратегиялық және жедел буынның арнайы мақсаттағы желілерінде үздіксіз режімде жұмыс жасайтын жиіліктердің сантиметрлік диапазонының радиорелелік байланыс желісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
«Қарағай» мен «Ақтерек» стансалары әскери сынамалардан сәтті өтті және халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүліктер көрмесінде ұсынылып, мамандардың жоғары бағасына ие болды.
Радиостансалар жаңа цифрлық байланыс қондырғысымен жабдықталған және жоғары экспорттық әлеуетке ие.
«Егемен-ақпарат»

Ердоған Түркі әлемі мен Орта дәліздің стратегиялық маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 18:05
Тоқаев пен Ердоған БҰҰ рөлін күшейту туралы ортақ байламға келді
Президент • Бүгін, 18:02
Шымкентте Түркияның Гази университеті жұмысын бастайды: Тоқаев жаңа білім жобаларын таныстырды
Президент • Бүгін, 17:56
Елімізде азаматтардың 250 млрд теңге қарызы кешірілетін болды
Қоғам • Бүгін, 17:47
Қазақстан мен Түркия қандай жобаларды бірлесе жүзеге асырады?
Президент • Бүгін, 17:40
Түрік кәсіпкерлері ел экономикасына 6 миллиард доллар көлемінде қаражат салды
Президент • Бүгін, 17:40
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен баспасөз конференциясын өткізді
Президент • Бүгін, 17:30
New Vision Forum: Алматыда әлемдік деңгейдегі сарапшылар бас қосады
Форум • Бүгін, 17:20
Трамп Си Цзиньпинді Вашингтонға шақырды
Әлем • Бүгін, 17:06
Түрік компаниялары Қазақстанда 3 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады
Президент • Бүгін, 16:45
Қомақты аударымдар үшін неліктен биометриялық сәйкестендіру өту қажет?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Түркияда Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды
Президент • Бүгін, 15:54
Кубада халық жаппай шеруге шықты: Елде жанармай қоры таусылған
Әлем • Бүгін, 15:53