Қазақстанның Нидерландтағы елшілігінің ұйымдастыруымен Гаага қаласының әкімшілігінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан – Ұлы Дала елі» фотосуреттер көрмесі ашылды.
Елуден астам арнайы фотожинақта Қазақстанның қазіргі заманғы өмірі мен мәдениеті, Ұлы Даланың табиғи байлығы, ежелгі тарихи ескерткіштері мен XXI ғасырдағы сәулет өнері ұсынылған. Елорданың бірегей архитектурасы – Бәйтерек монументі, Астана Опера ғимараты, Әзірет Сұлтан мешіті мен Бейбітшілік және келісім сарайы, т.б. нысандар ерекше қызығушылық туғызды.
Көрмеге Қазақстанның тәуелсіз 25 жылдағы ең маңызды жетістіктерінің бірі – бейбітшілік пен ұлтаралық келісімін көрсететін фотосуреттер қойылған. Олар Қазақстанның өсіп-өркендеген ел, ортақ идеяны ұлықтаған көп ұлтты халық екенін паш етеді. Жалпы, «Қазақстан – Ұлы Дала елі» фотокөрмесі Гаага өміріндегі елеулі мәдени оқиға ретінде көрініс берсе, оны күн сайын мыңнан астам тұрғын мен қала қонақтары тамашалауда.
«Егемен-ақпарат»

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше