23 Қыркүйек, 2016

Шавкат Мирзиеев: Қазақ халқы – біздің сенімді әрі жақын досымыз

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған Қазақстан делегациясы Ташкентте болды деп хабарлайды primeminister.kz. Cапар барысында Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер болды. Шавкат Мирзиеев Қазақстан басшысына Өзбекстан халқы және жеке өз атынан алғыс айтты. «Қиын күндерде Нұрсұлтан Әбішұлы жанымызда болды. Қазақ халқы – біздің сенімді де адал әрі жақын досымыз» деді ол. Сонымен қатар Мирзиеев екі ел арасындағы сауда-саттықтың жағымсыз үрдістерін өзгерту қажеттігін айтты. «Аз уақыт ішінде сауда айналымын екі есе арттырып, бес миллиард долларға жеткізуіміз керек» деді ол. Асқар Мамин Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді.