Елбасы Қостанайға жұмыс сапары аясында «Өтеулин» шаруа қожалығында болды, деп хабарлайды Егемен-ақпарат.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және өткізумен айналысатын аграрлық кәсіпорын қызметімен, сондай-ақ егін алқабының жай-күйімен танысты.
Қазақстан Президентіне Қостанай облысындағы астық жинау науқаны мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерімен әңгімелесті.
– Қостанай облысы ауыл шаруашылығы тауарын ең көп көлемде шығаратын өңір болып саналады. Мемлекет ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуін жалғастыра береді. Осы саланы ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерін ескеріп, озық шетелдік тәжірибені зерделей отырып жетілдіру қажет. Бұл ауыл шаруашылығын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.
Аграрлық сала еңбеккерлері Қазақстан Президентіне өңірге жан-жақты қолдауы және ауыл шаруашылығы саласында жүргізіп отырған тиімді саясаты үшін алғыстарын білдірді.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға жемісті жұмыс пен зор табыс тіледі.
Егемен-ақпарат
• 23 Қыркүйек, 2016
Президент Қостанай облысының агроөнеркәсіп кешенін бағалады

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше