27 Қыркүйек, 2016

Бесінші мәжілістің бірлескен мәлімдемесі

246 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Нью-Йоркте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри БҰҰ Бас Ассамблеясы 71-ші сессиясының алаңында өткен Қазақстан–Америка Стратегиялық серіктестігі жөніндегі комиссияның Бесінші мәжілісінің ашылуына қатысты. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғын мерекелеу мен Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қа­рым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуы қарсаңында екіжақты стра­те­гия­лық серіктестіктің аса жоғары дең­гейі сақталып отырғаны атап көр­се­тілді. Тараптар түрлі екіжақты және көп­жақты платформалар шеңберінде жаңа өзара іс-қимыл салаларын дамыту үшін ұсталып келе жатқан жоғары сер­пінді жалғастыру керек деген ұста­нымдарын білдірді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Орта­лық Азия мемлекеттерінің ішінен тұң­ғыш сайланған Қазақстан Құрама Штат­тар­мен тығыз ынтымақтастығын ортақ басым­дықтарды ілгерілету үшін әрі қарай дамыту ниеті барын қуаттады. Құрама Штаттар Қазақстанның Ау­ғанстанда қауіпсіздікті және елді дамы­туды қамтамасыз ету, сондай-ақ, Ор­талық Азияда, оның ішінде «С5+1» пішіміндегі өзара іс-қимыл арқы­лы да өңірлік экономикалық интегра­цияны ілгерілету мәселелерінде көш­басшы болып табылатынына құр­метпен қа­райды. Қазақстан мен Құрама Штат­тар жаппай қырып-жоятын қару­ларды таратудың алдын алуға ор­тақ жа­қын­дықтарын қуаттап берді. Та­раптар тер­ро­ризм мен зорлық экстре­мизм қатер­леріне қарсы іс-қимыл таны­туда­ғы ынтымақтастығын терең­детуге мақұлдасты. Қазақстан мен Құрама Штаттар климаттың өзгеруіне қарсы күрес­ке жақындықтарын қуаттаса, Құра­ма Штаттар Қазақстанның қос тарапқа қа­тысты конференцияның  21-ші сес­сия келісімдерін үстіміз­дегі жыл­дың соңына дейін ратифи­ка­ция­лау­ға деген ниетін қуана құпта­ды. Екі жақ энергетикалық қауіп­сіз­діктің маңыз­дылығын атап өтті, ал Құрама Штаттар Астана­да «жасыл» экономикаға бағыт­тал­ған ЭКСПО-2017 көрмесі ұйым­дас­ты­рылатынына ризашылығын білдірді. Қазақстан Сыртқы істер ми­нистрі­нің орынбасары Ержан Ашық­баев пен АҚШ Мемлекеттік хатшы­сы­ның Оңтүстік және Орталық Азия мәсе­лелері бойынша көмекшісі Ниша Бис­вал жетекшілік ететін делегация­лар көпжақты Қазақстан-Америка ынты­мақтастығына, халықаралық және өңірлік сын-қатерлерге, ортақ қызы­ғушылық туғызатын қауіпсіздік, экономика, қоршаған орта, адам құқы және басқа да салалардағы проблемалар бойынша шолу өткізді. Е.Ашықбаев, сондай-ақ, АҚШ Мем­лекеттік хатшысының ха­лық­аралық ұйымдар істері бойынша көмекшісі Батшиба Крокермен, АҚШ-тың демократия, адам құқы және еңбек бойынша көмекшісі Томас Малиновскимен, халықаралық діни бостандық жөніндегі елші Дэвид Саперстинмен, мұсылман қауым­дастығымен байланыс жөніндегі арнайы өкіл Шаарик Зафармен және Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы арнайы елші Арслан Сулеманмен ортақ күн тәртібіндегі мәселелерді ілге­рі­лету және ынтымақтастықтың екіжақты, өңірлік және жаһандық бар­лық мәселелері бойынша жолдарын тал­қы­лау үшін жеке кездесулер өткізді. Тараптар стратегиялық сері­к­тес­тік жөніндегі комиссияның ве­домс­тво­аралық кезекті мәжілісін толық құ­рамда 2017 жылы өткізуге ше­шім қа­былдап, өзара іс-қимылды жоға­ры дең­гейде басқа да алаңдарда жал­ғас­ты­руға уағдаласты. «Егемен-ақпарат»