10 Қазан, 2016

10 жасар қазақ Ресейде телешоу жұлдызы атанды (видео)

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10-10-ilyas Қазақстанның 10 жасар мектеп оқушысы Ілияс Тохтархан Ресейдің «Ғажап адамдар» телешоуында математикалық есептерді қас қағым сәтте шешу қабілетімен көрермендер мен қазылар алқасын таң қалдырды. Алдымен Ілияс қос таңбалы және үш таңбалы сандарды ойша есептеп берді. Одан соң екі санның квадраттарының айырмасын тапты. Оның ойша есептеу жылдамдығы соншалық, тіпті, қазылар экранда жазылған сандарды толық оқып үлгермей жатты. – Мені «калькулятор-адам» деп атайды, себебі мен ойша есептеуден алдыма жан салмаймын. Бірнеше қатар қос таңбалы, екі, үш, төрт таңбалы сандарды есептей беремін. Үш және төрт таңбалы сандарды, квадрат түбірді көбейтіп, бөле аламын, – дейді Ілияс. 9 жасында Ілияс ментальды арифметикадан Үндістанда өткен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды. Аталған интеллектуалды сайысқа әлемнің 57  елінен 12 мың адам қатысқан болатын. Егемен-ақпарат