Бокс • 02 Маусым, 2024

Олимпиадаға жолдама: Бүгін шешуші кезеңде үш боксшымыз жұдырықтасады

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Таиланд астанасы Банкгогте өтіп жатқан лицензиялық турнир мәресіне жетеді. Жолдама тағдыры шешілетін маңызды күні үш Қазақстан боксшысы рингке шығады, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиадаға жолдама: Бүгін шешуші кезеңде үш боксшымыз жұдырықтасады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан уақытымен 12:00-де 75 келіде бақ сынап жатқан отандасымыз Валентина Хальзова кездесу өткізеді. Оның қарсыласы колумбиялық Ширлейдиз Орозко.

Сағат 16: 30-да 50 келіде Назым Қызайбай солтүстік кореялық Канг Су Хуангтан айласын асыруға тырысады. 

Ал 63, 5 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегі 17:30-да өтеді деп жоспарланған. Оның қарсыласы молдовалық Александру Парасчив.

Бокс бәсекесін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде ұсынады. 

 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше