Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде қазан айында бір күн бойы, яғни сағат таңғы 7:00-17:00 аралығында «Менің бүгінгі жұмысым...» атты студенттер арасында айрықша акция өткізілді.
Аталмыш акцияның мақсаты – студент-жастар заманауи көшке ілесіп, тек қана бір мамандықпен шектелмей, жан-жақты болып, кез келген кәсіпті игеруі керек. Жастардың бойында азаматтық ұстаным, тапқырлық, әлеуметтік жауапкершілік қасиеттері арта түседі. Жас адам неғұрлым сан-салалы болса, өмірден өз үлесін алу жолында еш қиналмайды. Қазіргі таңда елімізде ғана емес, әлемде жұмыссыздар саны артуда. Сол себептен, қатып қалған шеңберден шығып, алған мамандықтан бөлек, түрлі кәсіпті дөңгелетіп әкеткен абзал.
Бұл бастаманы Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы қолға алып отыр. Басқарма студенттік өзін өзі басқарудың жұмысын жетілдіру және бағалау мақсатында биылғы жылдан бастап «Almaty YouthAwards» салтанатты марапаттау рәсімін өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстанда жастарды қолдау және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың идеясы болатын. Президент жылдағы халыққа арналған Жолдаулары мен ұлт жоспарында үнемі жастарды қолдап, бағыт-бағдар беріп келеді.
Қыздар университеті студенттері «Менің бүгінгі жұмысым...» атты акция барысында барлығы 33 жұмыс орнымен келісіп, жұмысқа сай қызмет түрін көрсетті. Атап айтар болсақ, Ұлттық кітапханада «Кітапханашы», «Нұр Отан» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалында «Іс қағаздар жүргізуші», Алматы қалалық Ардагерлер үйінде «Әлеуметтік қызметкер», «Ақ Үміт» балалар үйінде «Тәрбиеші», «Oskar» «Модуль» моделдік агенттігінде, «Полезная аптека» атты дәріханада фармацевт, «Deneba» аутсорингтік компаниясында «Сақтандыру агенті», №7 қалалық клиникалық ауруханада «Аға мейірбикенің көмекшісі» сынды 33 түрлі мекемемен жұмыс жасап шықты. Сондай-ақ, «балмұздақ сатушы», «музыкант», «журналист», «консультант», «редактор-монтаждаушы», «даяшы», «гүл сатушы», «визажист», «кіші медицина қызметкері», «промоутер», «мектеп директоры», «есепші», «тарих пәнінің мұғалімі», «аудармашы», «кеңесші-сатушы», «аспазшы», «шаштараз» сынды сан түрлі маман иесі болып, бір күн бойы аталмыш қызметтің қызығы мен қиындығын көрді. Әр студент жұмыс жасау барысында өз шеберліктерін көрсетіп, педагогикалық мамандығынан өзге сала түрін де игере алатындықтарын дәлелдеді.
Мұндай іс-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытып, студенттерге үлгі-өнеге, жол сілтеп отырған Қыздар университеті жастар саясатын дамыту бөлімінің бастығы Нұргүл Қайдауылова бізбен әңгімесінде: «Алдағы уақыттарда бүгінгі жүргізілген жұмыс өз жалғасын табады. Жастар оқу ордамыздың миссиясына сәйкес білім алумен қатар, тәлім-тәрбиені қатар алып жүру керек. Өз-өзін шыңдап, дамыту шарт. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, әр студент – бір-бір тұлға. Ертеңгі еліне еңбек ететін ұлтжанды азамат пен азаматшаны біз бүгін дайындаудамыз. Сондықтан, барынша жастарды игі істерге және өз ісінің білгірі болып қана қоймай, жан-жақтылыққа тәрбиелейтінімізге еш күмән келтірмеймін. Акцияның діттеген мақсаты да осы болатын», – деп атап өтті. Білім шаңырағы бүгін ертеңнің сенімді іргетасын қалайтын жігерлі жастарға жауапкершілік пен патриоттық сезім қалыптастырып тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетіп отыр десе болғандай екен.
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды
Әлем • Бүгін, 19:56
Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған заңды ратификациялады
Президент • Бүгін, 19:10
Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті
Білім • Бүгін, 19:01
Олжас Бектенов: барлық инвестициялық жобалар бірыңғай цифрлық контурда шоғырландырылады
Үкімет • Бүгін, 18:50
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Бүгін, 18:35
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады
Оқиға • Бүгін, 18:31
Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16