Журналистердің көтерген мәселесі өте орынды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ радиосының «Алтын қор» бөлімінің жетекшісі Алтын Иманбаеваның Қарашаш Тоқсанбайға берген «Алтын қордың» ахуалы алаңдатады» деген сұхбатынан осы қордың мүшкіл халіне қанық болдым. Шындығында да, жетпіс жыл бойы тірнектеп жинаған мол байлықты күтіп-баптап, толық сақтап қалу бүгінгі күннің үлкен бір талабы екені әмбеге аян.
Теңдесі жоқ рухани азықтың көп жыл бойы радиодан берілмегені де рас. Осы уақытқа дейін жағдай жасалмай, тістегеннің аузында, ұстағанның уысында келген қорды бір жүйеге келтіріп, техникалық сұраныстарын қанағаттандыратындай уақыт жетіпті.
Асылдарымыз бен арыстарымыздың дауысын, айтқан әңгімелері мен орындаған тамаша туындыларын сақтап отырған «Алтын қорды» Қазақ радиосының ғимаратындағы өз орнынан қозғамау керек. Баға жетпес алтын дауыстар біздің келешек ұрпағымыз үшін таптырмайтын рухани байлық. Өткенімізді келешекке кие ету – жер басып жүрген адамдардың асыл борышы. Сондықтан, көп жыл бойы жинақталған алтын қорды шашау шығармай көшіріп, халық игілігіне жарату негізгі бағдаршам болғанын қалаймын.
«Алтын қордың» стратегиялық мәні бар екенін ұғуымыз қажет. Қазақ халқының рухани беткеұстар қайраткерлері болып, «Алтын қордың» өркендеуіне, фономатериалдарының көбеюіне, ісінің алға басуына ат салысайық.
Мағира ҚОЖАХМЕТОВА,
«Балбұлақ», «Дертке дауа» басылымдарының бас редакторы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50
Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:27
Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды
Туризм • Бүгін, 12:20
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54