Соғыс қасіреті ешқашан ұмытылмайды. Сондықтан да «Боздақтар» атты кітапты шығарушылар бұл мақсаттарын 1941-1945 жылдары майдан даласынан оралмаған және елге аман-есен оралған соғыс ардагерлері алдындағы парыз деп санайды. Тағзым етеді. Біреу атасын, біреу әкесін, ағасын, інісін, бауырларын іздегендер қарасы аз емес. Кітап беттерінен іздеу салған туысқандары жайлы жазылған деректерді оқып, суреттерін көріп, аттары жоғалмағанына ұрпақтары қуануда. Көпшілік тілегіне сай, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының мемлекеттік мұрағаты «Боздақтардың» 5-ші соңғы шығарылымының нұсқасымен де таныстырды.
Алғашқы жинақ үш том болып 1994-1997 жылдар аралығында жарық көрген-ді. Ал 2014 жылы 4-томы басылып шықты. Бұл кітапта да майдангерлер жайлы барлық мәліметтер жазылып, тағзым жолы ары қарай жалғасатыны айтылған. Енді соңғы 5-ші томда алдыңғы кітаптарда ескерілмеген кейбір жайлар қайта толықтырылды. Жалпы, бұл кітаптарды құрастыруға Ресейдің де іздестіру отрядтары үлкен үлес қосыпты. Мұрағат басшысы Халел Әкімхановтың айтуынша, «Боздақтар» кітабының соңғы томын жазуда өлкетанушылар, тарихшылар, іздеушілер болып, барлығы екі жыл еңбектенген көрінеді.
– Әрине, «Боздақтар» кітабына мәлімет жинау, іздеу оңай болған жоқ. Мысалы, кезінде майданда қаза тапқан, хабарсыз кеткен, тұтқынға түскен 1384 адамның қазір есімі белгілі болды. Және де алдыңғы томдарда жарық көрген 800-ге жуық майдангерлер туралы қайтадан қосымша ақпарат берілді. Бұл кітаптың маңыздылығын бірден аңғаруға болады. Өйткені, бұл бәрімізге ортақ тағдыр. Батыр жауынгерлер рухы алдындағы борыш-міндетіміз,-дейді Х. Әкімханов.
Мұрағат қызметкерлері Ресей Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан, Беларусь, Финляндия архивтерінен павлодарлық жауынгерлер туралы мәліметтер тапты. Құжаттарды, сондай-ақ, Харьков қоғамдық бірлестігі, Шығыс Пруссияда мерт болған кеңес сарбаздары ескерткіш қорының «Память» – «Ескерткіш» коммерциялық емес ұйымы, «Саксон мемориалдары» (Германия) бірлестігі, ресейлік және біздің облыстың іздестіру жасақтары ұсыныпты. Концлагерьлерде тұтқында болған, партизан жасағы және польшалық әскери құрамалар құрамында соғысқан павлодарлық жауынгерлер туралы бұрын құпия болып келген деректер табылып, бұл мәліметтер кітаптарда жарияланды. Сонымен қатар, жаудың лагерьлерінде тұтқында болған, Қиыр Шығыста Квантун әскерлерін талқандауға қатысқан партизан отрядтары мен поляк әскери құрамаларының сапында соғысқан 5 мыңнан астам павлодарлық жауынгер туралы анықталған деректер, сондай-ақ, бұрын хабарсыз кеткендер қатарында болған және іздестіру жұмыстары нәтижесінде айқындалған жауынгер туралы мәліметтер де қосылды.
– «Боздақтар» естелік кітабы – сұрапыл соғыстың қалдырған өшпес ізін ойша саралауға, жерлестеріміздің жауынгерлік ерлігіне құрметпен бас июге мүмкіндік береді. Оны соғыс жылдары қаза тапқан жауынгерлерге арналған мәңгілік ескерткіш деуге болады, – дейді Х.Әкімханов.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54
Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды
Қылмыс • Бүгін, 09:39
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан халықаралық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:34
Telegram мессенджері уақытша бұғатталды
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19
АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05