Еуразиялық Топтың құрамына кіретін еліміздегі «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты алып кәсіпорындар қатарында. Өндіріс орнында 7 мыңдай адам еңбек етуде. Жылына 1,2 миллион тонна ферроқорытпа өндіретін зауыт елімізде ғана емес, әлемдік металлургия нарығындағы алып кәсіпорындардың бірінен саналады.
Жуырда зауыттың №1 балқыту цехында күрделі жөндеуден өткен №15 пеш пайдалануға берілді. Зауыт директоры Сергей Прокопьевтің айтуынша, ескі пешті жөндеу жұмысы шілде айында басталыпты. Бұл алып пеште жоғары көміртекті феррохром балқытылады. Ол жаңғыртылып, жөнделіп, жаңа заманауи жүйе-тетік қондырғылармен жабдықталды. Яғни механикалық, гидравликалық және энергетикалық техникалық қажеттіліктері автоматтандыру жүйесіне ауыстырылды. Алып электр пешінің күрделі жөндеуі зауыттың инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асты. Пешті жаңа заман талаптарына сай жабдықтауға, жаңартуға салынған инвестиция көлемі 1,4 млрд теңге. Металлургия саласындағы озық құрал-жабдықтар орнатылды. Қауіпсіз, әрі экологиялық жағынан таза. Заманауи технология, жаңа пештің қосылуы зауыттықтар үшін өнімділікке, үнемділікке үлес. Пештің жылдық өнімділігі шамамен 50 мың тонна жоғары көміртекті феррохром.
– Негізгі және қосалқы жабдықты үнемі жаңалап тұру – кәсіпорынның табысты дамуының кепілі. Екіншіден, қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы заманауи талаптар ескеріледі. Күрделі жөндеу кезінде пеш қайтадан жаңаланып, реттеледі. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын зауыт мамандары жүргізді. Бұл біз үшін мақтаныш. Қазір зауыттығы ең қуатты құрылымы №6 цехты қайта жаңғырту жұмысына дайындық жасалуда. Алдағы желтоқсан айында №64 пеш те күрделі жөндеуге шығарылады, – дейді Сергей Прокопьев.
Бұған дейін де зауыттағы №28, №№63, 46, 45 және 12 пештердің күрделі жөндеуден өткендерін жаздық. Бұл – өндіріс орнындағы мақсатты инвестициялық бағдарламалар тиімді орындалуда деген сөз. Қайта жаңарған пештер экологияға зиянсыздығы мен қауіпсіздікке де кепілдік береді. Ескі техниканың уақыты кетті. Жаңғырту өнімділікті, сондай-ақ өндірістің сенімділігі мен қауіпсіздігін дамытудың басты факторы.
Зауытта өндірісті жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілуде. Өндірістің озық технологияларын қолдану және жаңғыртудағы мақсат жоғары көміртекті феррохром өндірісін арттыру болып табылады.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Ақсу қаласы

Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалды
Оқиға • Бүгін, 14:15
Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың ұлы қамауға алынды
Әлем • Бүгін, 14:03
Қазақстанда қылмыс деңгейі 9 пайызға төмендеген
Президент • Бүгін, 13:50
115 мың студент жатақханаға мұқтаж: мәселе қалай шешілмек?
Парламент • Бүгін, 13:37
Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды
Әдебиет • Бүгін, 13:18
Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50
Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:27
Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды
Туризм • Бүгін, 12:20
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45