«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптар
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнім: Кеден одағының кеден заңнамасына (Кеден одағы комиссиясының шешімдері не Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімдері) сәйкес белгіленген кедендік құжаттарды толтырудың форматтық-логикалық бақылауды қамтуға; кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылатын электрондық анықтамалардан және жіктеуіштерден жаңартылатын нормативтік-анықтамалық ақпаратты қамтуға; Кеден одағының кеден заңнамасына (Кеден одағы комиссиясының шешімдері не Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімдері) сәйкес белгіленген кедендік құжаттардың электрондық көшірмелерінің құрылымы мен форматын қамтуға; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкес болуға тиіс.Петропавлда «Тұқым күні – 2026» халықаралық конференциясы өтті
Аймақтар • Кеше
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Аяз, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Нұртай Сабильянов: Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция – халық талқысында
Ата заң • Кеше