
Жоспардың шеңберінде өткен жылы тамақ өнеркәсібінің аспаздық, нан және нан-тоқаш, ет, шұжық өнімдерін, сыра-алкогольсіз сусындар мен ауыз су өндіруші кәсіпорындардың басшыларымен 30 семинар-кеңес өткізілді. Базарлардың, қоғамдық тамақтану орындарының, сауда нүктелерінің және басқа да ШОБ нысандарының иелеріне кеңестер берілді. Сонымен бірге, айрықша тәртіп бойынша (жоспарлы) және жоспардан тыс негізде мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, фэстфуд және басқа да кәсіпорындар 238 қоғамдық тамақтану нысаны және 180 сауда нысаны тексерілді. Нәтижесінде, 326 кәсіпорынның иесі жалпы сомасы 14 200 млн теңге көлемінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жұмысқа рұқсат беретін медициналық кітапшалардың болмағаны үшін 596 адам жұмыстан шеттетілді. Кәсіпорын басшыларының атына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзуды жою туралы 326 ұйғарым жолданды. Қайталама тексерулер барысында ұйғарымдардың негізгі бөлігі белгіленген мерзімде орындалғаны анықталды, тек ескертуді елемеген бес қоғамдық тамақтану кәсіпорны мен үш сауда нысанының материалдары 462 б. 3 б. бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін ауданаралық әкімшілік сотқа жолданды.