Астана әкімі Әсет Исекешев этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті. Ол мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру барысымен танысып, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өз кезегінде, қала басшысы биыл әлемдік деңгейдегі ЭКСПО-2017 көрмесі өтетінін атап көрсетті. Оның мәдени бағдарламасының шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуымен көптеген концерттік, көрме және диалог алаңдары жоспарланып отыр.
«Сол себепті этномәдени бірлестіктердің нәтижелі жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалады», – деді Ә.Исекешев.
Сондай-ақ, кездесу барысында әкім этномәдени бірлестіктердің өкілдерін белсенді қайырымдылық қызметі үшін алғыс хаттармен марапаттады. Қалалық ҚХА әлеуетін нығайту және оның қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы әкімдіктің жанынан «Қоғамдық келісім» КММ құрылды. Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 23 этномәдени бірлестік, 12 жексенбілік мектеп, 10 жастар қанаты, 30-дан аса шығармашылық ұжым қызмет етеді. Жалпы, қалалық Ассамблеяның қатарында 5 мыңнан аса адам бар, сондай-ақ 5 қоғамдық келісім кеңесі, ғылыми-сарапшы топ, аналар кеңесі жұмыс істейді.
• 24 Қаңтар, 2017
Астана әкімі этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті

Алматы облысында мәдениеті дәріптеген бес күндік форум өтті
Мәдениет • Бүгін, 20:37
Тоқыма шеберлері Алматыда бас қосты
Алматы • Бүгін, 20:16
Жетісудағы эпидмаусым: жағдай тұрақты, алдын алу шаралары күшейтілді
Денсаулық • Бүгін, 19:58
Бизнесті қорғауға ерекше басымдық беріледі
Бизнес • Бүгін, 19:33
Қарағандыда үздік сарбаздарға білім гранттары табысталды
Әскер • Бүгін, 19:15
Президент зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:50