ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев инвестициялар жөніндегі «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы директорлар кеңесін басқарады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл ұлттық компанияның деңгейі жоғары болады. Инвесторлар тікелей министрлерге жолығуға мүмкіндік алады, сонымен қатар келісімдерге қол қою бағытында Үкімет басшысына да өздерінің ұсыныстарын айта алады. Осы ұлттық компанияның директорлар кеңесін Премьер-Министр басқарады деген шешім қабылданды»,-деді комитет басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, «Кazakh Invest» компаниясын құру рәсімдері ақпанның соңына дейін аяқталады. Ұлттық компания шетелдік өкілдіктер мен филиалдардың ауқымды желісін қамтып, Үкімет атынан ірі инвесторлармен және мақсатты трансұлттық корпорациялармен «бірегей келіссөз жүргізуші» ретінде іс-қимыл жасайтын болады. Компания функцияларына инвестициялық жобаларды әзірлеуді қамтамасыз ету, инвестицияны қажет ететін жобалардың тізімін әзірлеу, мақсатты және дайындығы бар инвесторларды тарту кіреді.
«Бұл компанияның шетелдегі филиалдары визалық қолдау, кездесулер мен келіссөздерді ұйымдастыру, рұқсатнамаларды алу секілді қолдау шараларын қамтиды»,-деді Тұяқбаев.
• 16 Ақпан, 2017
ҚР Премьер-министрі «Kazakh Invest» директорлар кеңесін басқарады

Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20
Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:15
Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05
Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды
Экономика • Бүгін, 10:47
Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:38
Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет
Парламент • Бүгін, 10:22
Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:10
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45