«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің Интерактивті білім беру орталығында тұрған бағалы жәдігердің бірі – 2002 жылы Президент Н.Назарбаевқа тарту етілген, жапон балаларының өз қолдарымен бүктеген «1000 қағаз тырнасы». Президенттің Семейдегі ядролық полигонды жабу және «АТОМ» халықаралық жобасын құру жөніндегі бастамаларына жапон балалары ризашылықтарын осылай білдірген.
Ал енді «қағаз тырналарға» келсек, «ол неге 1000 тырна?» деген сауал тууы мүмкін ғой. Хиросимадағы жарылыстан кейін екі жастағы Сасаки Садако деген қыз таңғаларлық жағдайда аман қалған. Бірақ он жастан аса бергенде қан обыры ауруына шалдығады. Сонда қыз ауруханада жатып «қағаздан мың тырна жасасаң, тілегің орындалады» деген жапондардың ескі аңызы бойынша бос уақытында қағаздан тырна жасай береді. Сасаки 12 жасында қайтыс болады. Тек 644 тырна жасап үлгеріпті. Достары ол жасай алмаған тырналардың орнын толтырады. Содан бері жапондарда «мың тырна» аңызы тіріліп, тыныштықтың, тілектің орындалуының символына айналғанға ұқсайды. Бір жағынан қағаз бүктеу жапондарда үлкен өнер саналады. Қағаздан түрлі нәрселер жасау өнер саналады. Оны олар оригами деп атайды.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ

Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20
Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:15
Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05
Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды
Экономика • Бүгін, 10:47
Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:38
Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет
Парламент • Бүгін, 10:22
Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:10
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45